Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет9/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

 
25. «Ақындар мен жазушылар» 
Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-
жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған 
тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде 
тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз. 
 
 
26. «Алдын-ала берілген атаулар» 
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау 
(терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны
және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты 
оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша 
(соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше 
оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол үшін алдын-ала берілген 
атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады.
Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін 
келтіруге болады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей 
қатысы жоқ, сонда да оқушылар олардың өзара қатысы мен байланысы туралы 
өз ойларын келтіруі керек.
 
27. «Алма, шие, өрік, банан» 
Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады.
Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: 
«Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын 
атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, 
банан!»деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. 
Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші 
болып, жемістердің атын атайды. 
28.«Алфавит» 
Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде 
оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып 
шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, 
қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с. Қорытынды сабақтарда
емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет