27
тұлға саласына ығысуына т‰бегейлі қарсы. Бірақ педагог кәсіби-
педагогикалық қызметке тұтасымен және барлық тұлғасымен кіреді,
кәсіби біліктілігі мен дағдыларының деңгейінің қалыптасуы оның
позициясына тұлғалық бағытталуына байланыста болады.
Мұғалімнің кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігінің негізін
оның
жалпы педагогикалық мәдениетінің деңгейіне байланысты
болатын, ең алдымен кәсіби қызметке жеке тұлғасының дайындығы
құрайды, ал ол біртұтас педагогикалық қызметте байқалады.
Педагогтың өзінің өмірі мен кәсіби қызметінің философиясы
болуы қажет, ол адам өмірінің мақсаты мен мазмұнын және өзінің
өмірлік қызметін саналы т‰рде тұтасымен көрсете алуы керек, өйт-
кені ол онсыз басшы да, жасөспірімнің тәлімгері де бола алмайды.
Педагогтың кәсіби позициясының негізінде маңыздылық және
құндылық болып саналатын, оның педагогикалық қызметіне және
болмыстық т‰рлі таңдаулы аспектілеріне
кәсіби-құндылықтар
байланыстары жатады.
Оқытушының кәсіби-құндылықтарының бағыттылығы оның
әлдеқайда ж‰йелі құндылықты бағыттылығының тұрақты бөлімі
болатын, өздерінің шын мәніндегі арнауын өмірдегі орнын таба
алатын, тұлғаның белсенді қызметіндегі мінезі болып көрінетін
нұсқауында байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: