Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет13/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Педагог қандай кәсіби функцияларды орындауы керек
2. Педагогтың функциясының негізінде кәсіби рөлін анықтаңыз. 
3. Педагогтың негізгі кәсіби қызметінің т‰рлерін атап, әрқайсысының 
ерекшелігін ашып беріңіз. 
4. Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік қызметі басқа педагогикалық қызмет 
т‰рлерімен қалай байланысқан? 
5. Педагогикалық қызметтің құрылымы қандай?
 


26
1.7. Оқытушы педагогикалық қызметтің субъектісі 
 
Педагог тұлғасына кәсіби негізделген талаптар 
Адам қызметінің кез келген саласындағы өзгерістер мен қайта 
өзгертулер оның субъектілерінен, жаратушы мен жасаушыдан бас-
талуы қажет. Философиядағы принцип сияқты: іспеттес іспеттестен, 
ілім – іліммен, шеберлік – шеберліктен жасалады. Қазіргі білім беру 
мен тәрбиелеудің ешқандай жаңа технологиялары егер тұлғалық 
және кәсіби оған дайын болмаса, мұғалімнің педагогикалық қыз-
метін табысты орындауына көмектесе алмайды. Барлық дәуірлердің 
адамгершілік педагогикалық көзқарастарында мұғалім тұлғасына 
айрықша мән берілуі кездейсоқ емес. Өсуші тәрбиеші тәрбиеленуші 
тұлғасының қалыптасуына тек өзі тұлға болған және баланың ж‰-
регі мен еркін жаулап алған тәрбиеші ғана көмекші бола алады дейді 
К.Д. Ушинский. «Тәрбиелеуде барлығы тәрбиешінің тұлғасына не-
гізделуі қажет, өйткені тәрбие тек тірі адам тұлғасынан аға алады». 
Педагогикалық қызметке дайындығын қамтамасыз етуші педа-
гог тұлғасына қойылатын талаптарды анықтауда психология-
педагогикалық ғылым олардың жалпыланған біртұтас қасиеттерін 
біріктіруге ұмтылады. Бұл қасиеттердің спектрі жеткілігінше 
көпжақты. 
Оған, ең алдымен, кәсібилік жатады. Педагогикалық қызметті 
табысты орындау ‰шін адамның тұлғалық сипаттарының бірлестігі 
қажет. Бұған жақын кешенді қасиет – кәсіби құзырет (ком-
петенттілік) педагогтың педагогикалық қызметті атқаруға теория-
лық және практикалық дайындығының көрсеткішін, оның кә-
сібилігін сипаттайды.
Оқытушының кәсібилігі мен кәсіби құзыреттілігінің негізін, 
әдетте педагогикалық біліктілік құрайды деп саналады. Кәсібиліктің 
әлдеқайда жоғары сатысы педагогикалық шеберлік болып табы-
лады. Оны кейде төмендегі сапалардың жиынтығы деп те қарас-
тырады: педагогикалық қызметті жоғары ұйымдасқан деңгейде 
қамтамасыз ете алатын оқытушының тұлғалық қасиеттерінің ком-
плексі, оның тұлғалық-іскерлік сапалары мен кәсіби құзыреттілігі. 
Педагог шеберлігінің құрам бөліктері, т‰рлі авторлар көп 
болғанымен, белгілі бір топтама жасауды ұсынады (1-сурет). 
Е.И. Рогов педагогикалық шеберлік, алдымен мұғалімнің қыз-
меті саласымен байланысты деген тезисті кеңейтіп, сын көзбен оны 


27
тұлға саласына ығысуына т‰бегейлі қарсы. Бірақ педагог кәсіби-
педагогикалық қызметке тұтасымен және барлық тұлғасымен кіреді, 
кәсіби біліктілігі мен дағдыларының деңгейінің қалыптасуы оның 
позициясына тұлғалық бағытталуына байланыста болады. 
Мұғалімнің кәсібилігі мен педагогикалық шеберлігінің негізін 
оның жалпы педагогикалық мәдениетінің деңгейіне байланысты 
болатын, ең алдымен кәсіби қызметке жеке тұлғасының дайындығы 
құрайды, ал ол біртұтас педагогикалық қызметте байқалады. 
Педагогтың өзінің өмірі мен кәсіби қызметінің философиясы 
болуы қажет, ол адам өмірінің мақсаты мен мазмұнын және өзінің 
өмірлік қызметін саналы т‰рде тұтасымен көрсете алуы керек, өйт-
кені ол онсыз басшы да, жасөспірімнің тәлімгері де бола алмайды. 
Педагогтың кәсіби позициясының негізінде маңыздылық және 
құндылық болып саналатын, оның педагогикалық қызметіне және 
болмыстық т‰рлі таңдаулы аспектілеріне кәсіби-құндылықтар 
байланыстары жатады. 
Оқытушының кәсіби-құндылықтарының бағыттылығы оның 
әлдеқайда ж‰йелі құндылықты бағыттылығының тұрақты бөлімі 
болатын, өздерінің шын мәніндегі арнауын өмірдегі орнын таба 
алатын, тұлғаның белсенді қызметіндегі мінезі болып көрінетін 
нұсқауында байқалады. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет