1.12. Педагог қызметінің даралық стилі
Өзінің кәсіби қызметін атқаруда әрбір педагог м‰мкін-
діктеріне, ерекшеліктеріне, өзінде әлдеқайда дамыған қабілет-
теріне максималды бейімделуге (адаптациялауға) тырысады.
Оқытушының кәсіби шеберлігінің қалыптасуының маңыз-
ды шарттарының бірі – өзінің педагогикалық қызметіндегі дара-
лық стилін анықтау. Оны адамның еңбегінің табыстылығын,
тиімділігін қамтамасыз етуші, қызметінің тактикасы мен тұрақ-
ты мәселелер ж‰йесіндегі адамның табиғи ерекшеліктері
құрайды (Е. Климов).
42
Психологтардың зерттеулері педагогтың қызметіндегі дара-
лық стилінің, оның педагогикалық қолы (ізі) көпшілік жағдайда
табиғи қалыптасқан типологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық
басқа қасиеттеріне байланысты екенін көрсеткен.
Ж‰йке (нерв) ж‰йесі к‰шті және қозғалғыш болатын педа-
гогтар шешімдерін жылдам, біртума және к‰тпеген жерден ала
білетіндіктен табысты болады. Оларда, көбінесе экспрессив-
тілік, суырып-салмалық, эмоциялық реакцияларында мәнерлі-
лік, сонымен бірге артистік байқалады.
К‰шті, бірақ инертті және тепе-теңдікті ж‰йке ж‰йелі
педагогтар өз шешімдерін ұқыпты, өлшемді дайындайды, асық-
пай қимылдап, ‰лкен шыдамдылықпен, педагогикалық жағдай-
ларда терең ойланып, оқушының ішкі д‰ниесіне ‰ңіліп, содан
соң шешім қабылдайды.
Бөліну негізіне қарай педагог қызметінің даралық стилінде
т‰рлі типологиясы болады. Оқытушының педагогикалық
қызметі т‰ріне қарай стильдер төмендегідей жіктеледі: оқыту-
шы қызметтің, тәрбиелеуші қызметтің және педагогикалық
тілдесудің стильдері.
А. Маркова пікірінше, қызмет стильдері, алдымен педагоги-
калық еңбекке қойылатын талаптың адам м‰мкіндіктеріне ара-
қатынасымен анықталады. Педагогтың қабілеті мен кәсібіне
қойылатын талаптарына қайшы келмейтін стиль әлдеқайда оп-
тималды болып саналады. А. Маркова және А. Никонова стиль-
дің төрт т‰рін ұсынған:
• эмоционалды-импровизациялық стиль (эис): оқытушы
көбінесе оқу процесіне бағытталған;
• эмоционалды-әдістемелік: оқыту нәтижелеріне бағыт-
талғандар;
• талқылаушы-импровизациялық: бұл оқытушылар, негі-
зінен оқу процесіне ‰лкен мән береді, сабақты нақты жоспарға
сай ж‰ргізуге, материалды, еркін талдауды ұнатады;
• талқылаушы-әдістемелік: көбінесе оқыту нәтижесіне
мән береді, сабақты, педагогикалық процесті қатаң жоспар
бойынша басқарады және білімді бақылауға қайталау мен
бекітуге уақыт бөледі.
43
Э. Костяшкин педагогикалық қызметті жіктеудің басқа
стиль типтерін ұсынады: интеллектуалды, еріктік, эмоционалды,
ұйымдастырушы.
Автордың ойынша, бастауыш сынып оқытушыларында
көбінесе эмоционалды және ұйымдастырушы, ал орта сыныпта-
ғыларда еріктік және жоғары сынып оқытушыларында интел-
лектуалды стильдер басым болады.
Достарыңызбен бөлісу: |