37
гіштік пен алғырлығы бар педагогтарға тəн. Оны сонымен қатар
аналогиялық ойлау əрекеттерінде жинақталған тəжірибесі
нəтижесінде қалыптасқан ойлау акті деп те қарастырады.
Коммуникативті қабілеттер оқушының оқу-тəрбие проце-
сінде тұлғааралық жəне іскерлік қарым-қатынастарын қамтамасыз
ететін педагогикалық қабілеттердің жетекші тобын құрайды.
Тілдесушілік – жылдам контактіге ене білу, тілдесу жағдай-
ларында бағдарын жоғалтпай жəне тілдесудегі партнерларының
серіктес əрекетіне жауап бере білу.
Назардың таралушылығы – оқытушының
төңірегінде болып
жатқанның бəрін көре білу қабілеті, бір мезгілде бірнеше қызмет
түрімен айналыса білу (материалды түсіндіру, онда қарсылықты
жауаптарды ала отырып оқушылардың
сабақты ұғып-ұқпағанын
аңғару, əрбір оқушыны көз алдында ұстау жəне т.б.).
Эмпатия – басқа адаммен бірге уайымдану, эмоциялық
қатысушылық жəне түсіну, оның қайғысына,
проблемасына
ортақ бола білу қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: