• қоғамның, өмірдің, кәсіби білім берудің білім беру ж‰йесі
алдына қойған мақсат-міндеттерді мойындау, сезіну;
• қызметіңіздің сіз беретін сабақ саласындағы және жалпы
білім беруде реалды к‰йін бағалап талдау;
• олардың арасындағы қайшылықтарды анықтап, өзіңіздің
стратегиялық мақсаттарыңызды анықтау;
• оқытушы мен тәрбиелеудің бар концепцияларын талдау,
педагогикалық мәселелерді шешуге әлдеқайда қолайлы келістерді
таңдау;
• өз қызметіңіздің негізгі принциптерін, негізгі бағыттарын,
міндеттері мен к‰тілетін нәтижелерді анықтау;
• өз қызметіңіздің нәтижелерін диагностикалау (зерттеу және
талдау).
Сонымен, педагог өз қызметінің жоспарлы орындалуын, оның
мазмұны мен формасын, әдістерін анықтау, бөліп тандап алу м‰м-
кіндігі арқылы педагогикалық процестің ж‰йелі құрылуы қамта-
масыз етіледі. Оқытушының әдістемелік мәдениетінің қалып-
тасуында маңызды құрал –
рефлексия (лат. шағылысу), оқыту-
шының методологиялық мәдениеті негізінде рефлексия т‰рлері:
а) философиялық рефлексия;
ә) педагогикалық рефлексия;
Педагогикалық тілдесудің мәдениеті, кәсіби-педагогика-
лық мәдениеттің аксиологиялық компоненті, технологиялық
мәдениет, дара-тұлғалық компонент және т.б. компоненттер
толығырақ семинарлар сабақтарында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: