51
ғасырдың 30-шы жылдарында орын алды. Бұл тенденция – тұлғаға,
адамның жеке басына қызығушылықтың азаюы мен қоғамда
технократиялық ойлаудың артуы, табиғатты және д‰ниені қайта
өзгертуші бірден-бір к‰штің коллективтік өмір с‰ру
формасы
екеніне сенуі. Ол уақыттағы басым көңіл к‰й: «Сыртқы әлеуметтік
құрылыстың абсолюттік құндылығына сену» болды.
Қызметтестіру философиясы «қалыптасу педагогикасы» деп
аталатын педагогикалық көзқарастар философиясы негізінде жатыр.
Мемлекет орындаушыға өзінің «заказын» әмір етеді, мұнда
тұлғаның ішкі қажеттілігі,
төлтумалығы есепке алынбай, еленбей
қалады. Нәтижесінде адам өзін тұлға деп сезінбей, қалдықсыз
қоғамға қажетті энергияның көзі, ал энергиясының иесі ол емес, ол
өзіне
жатпайды, өмірінің мазмұны мен мақсатын орындау ‰шін
қажетті өзінің жетістігі де емес, ол социалистік қоғамды құру ‰шін
қажет болып қалады. С. Франк бұл құбылысты «адамдар рухын
іштен коллективтендіру» деп атайды.
Сонымен, қызметтестіру философиясы адамның белсенділі-
гінің қозғаушы к‰ші болып табылатын ішкі рухани к‰шін
елемей тастау ғана емес, сонымен қатар оның істегендері ‰шін
жауаптылықты да, өмір образын да алып тастайды.
Достарыңызбен бөлісу: