127
Педагогикалық тартысты шешудің стратегиясы мен
тактикасы оның ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.
Оларды:
- педагогикалық тартыстың дұрыс шешілуіне педагогтың
кәсібилік жауапкершілігі;
- тартыстың қатысушылары әрт‰рлі әлеуметтік статусқа ие,
сондықтан ол тартыста тараптардың мінезін анықтайды;
- қатысушылардың жас ерекшеліктері және өмірлік
тәжірибелерінің әрт‰рлі болуы тартыстың шешіміндегі
жауапкершіліктің әрт‰рлілігіне себеп болады;
- тараптардың жағдайды және себептерін әрт‰рлі т‰сінуі;
- педагогикалық тартыста куәгерлердің болуы оған тәрбиелік
мән береді және оны оқытушы есінен шығармауы тиіс;
- оқытушының кәсібилік позициясы тартысты шешуде
бастаушы рөлін алуға міндеттейді;
- тартысты шешуде оқытушының кез келген қателігі басқа
студенттерді де қамтитын жаңа талас туғызады.
Тартысты позитивті шешу ‰шін әдістерді таңдауда міндетті
т‰рде орындалуы қажет ‰ш ережені ескеру қажет:
1.
Тартысты өшіру, яғни тараптар қатынасын аффективті
кернеулік қатынастардан екі жақтың да қабылдай алатын іс-
әрекет деңгейге көшіру.
2.
Педагогикалық қызметте тартыстың алдын алу оны
табысты шешуден әлдеқайда жеңіл.
3.
Тартыстарды созбай шешкен жөн, тіпті жартылай
келісілген болсын, бірақ позитивті іс-әрекетке жол ашушы болсын.
Достарыңызбен бөлісу: