125
ерекшеліктері, рөлдік статусы мен функциялары,
тартысты
шеше білу техникасын меңгеру дәрежесі маңызды рөл атқарады.
Педагогика методологиясында
қарама-қайшылықтың екі
типін бөліп қарастырады.
1. Диалектикалық қарама-қайшылық, яғни қарым-қаты-
настағы педагогикалық құрылымдардың дамуы мен прогресі
‰шін объективті қажеттіліктер.
Бұл макродеңгейдегі қарама-
қайшылықтар тартыстардың пайда болуына тікелей себеп
болады. Әлеуметтік-педагогикалық процесс тұлғаның әлеу-
меттендірілуіне мақсатты бағытталған, тәрбиелеудің оқытудың
және білім берудің барлық аспектілерін
қамтушы процесс
болып табылады. Бұл процестегі негізгі қарама-қайшылық пен
талас туғызатын неге оқыту және қалай оқыту
проблемалары
болған және әлі де солай қалып отыр. Әлеуметтік-
педагогикалық процестің негізгі мақсаты – тұлғаны белгілі
әлеуметтік мәдени сапаларда тәрбиелеу.
Негізгі тапсырушы
қоғам, ал орындаушы барлық білім беру және тәрбиелеу ж‰йесі
болып табылады. Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық процестегі
макродеңгейдегі қарама-қайшылықтар мен таластар білім беру
ж‰йесі мен қоғам арасында пайда болады.
Орта деңгейде қарама-қайшылық сызығы әкімшілік пен
оқытушылар арасында; әкімшілік пен студенттердің ата-аналары
арасында: оқу орыны әкімшілігі мен студенттер арасыда өтеді.
Төменгі деңгейде қарама-қайшылық "оқытушы-студент"
және "ата-ана-студент" жолымен өтеді.
2.
Казуальды қарама-қайшылық, яғни кездейсоқ, көбінесе
қабылданған шешімнің компетентті еместігінен туады. Мұнда
көлбей таластарда орын алады: "оқытушы-ата-ана", " ата-ана-
оқытушы", "студент-оқытушы", "студент-студент".
Педагогикалық таластар туғызатын барлық себептерді
шартты т‰рде екі категорияға бөлуге болады:
оқытушылар
арасындағы талас және тікелей оқу-тәрбие қызметіндегі талас.
Оқытушылар коллективіндегі болатын таластардың негізгі
себептері: бір-біріне әдепсіз қатынастар; сабақ кестесінің
ыңғайсыздығы; басқалардың міндетінің біреуге ж‰ктелуі;
педагогикалық ж‰ктеменің бір қалыпты бөлінбеуі;
әкімшілік
және қаржылық қиянат ету және т.б.
126
Бұл себептерді талдай отырып жалпы екі топқа біріктіруге
болады.
1. Қарым-қатынас проблемалары, мысалы, әдептіліктік
(такты) болмауы, қызбалық, басқалардың
кемшілігіне шыдам-
сыз болу, өз м‰мкіндігін жоғары бағалау, психологиялық
сиымсыздық және т.б.
2. Білім беру орындарындағы ескі "бастық - бағынышты"
принципі бойынша құрылған әкімшілік басқару ж‰йесі.
Достарыңызбен бөлісу: