Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет75/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   141
Педагогикалық 
тартыстардың 
себептері. 
Оларға 
дәст‰рлерді жатқызуға болады: 
- студент мінезін оқытушының алдын ала болжай білу 
м‰мкіндігі; 
- оқытушының тартыс сәтінде өз статусын сақтап қалуға 
ұмтылуы; 
- жеке студенттер мен оқытушы арасындағы қарым-
қатынас сипаты; 
- педагогтың тұлғалық сапалары (тітіркенгіштігі, ашу-
ланғыштығы); 
- педагогикалық қарым-қатынас деңгейінің төмен болуы; 
- келтірілген ақпаратқа көзқарастардың қарсыластығы болады. 
Педагогикалық жағдайлардың т‰рлері. Негізгілерін атап 
кетейік: 
қызмет жағдайы - студенттің тапсырмасын орындау 
кезінде пайда болады; 
мінез-құлық жағдайы - студенттің оқу орынында, ‰йде 
тәртіп бұзуы; 
қарым-қатынас жағдайы - студент-оқытушы немесе 
студент-студент арасында эмоционалды-тұлғалық қатынастар-
дан пайда болады. 
Тартыс жағдайы себептерін қабылдаудағы қателіктерден 
жанжалға ұласады: 
өзінің қылығының ізгіліктілік иллюзиясы; 
басқасының көзінде бөрене іздеу (қарсыласының 
әрекетінде кішкентай нюанстар іздеу); 
қосарлы этика (қарсыласымен салыстырғанда өз әре-
кетін дұрыс, ақиқатты санау). 
Педагогикалық тартысты шешу. Бұл – кез келген оқы-
тушы ‰шін ең к‰рделі процедура.


127
Педагогикалық тартысты шешудің стратегиясы мен 
тактикасы оның ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады. 
Оларды: 
- педагогикалық тартыстың дұрыс шешілуіне педагогтың 
кәсібилік жауапкершілігі; 
- тартыстың қатысушылары әрт‰рлі әлеуметтік статусқа ие, 
сондықтан ол тартыста тараптардың мінезін анықтайды; 
- қатысушылардың жас ерекшеліктері және өмірлік 
тәжірибелерінің әрт‰рлі болуы тартыстың шешіміндегі 
жауапкершіліктің әрт‰рлілігіне себеп болады; 
- тараптардың жағдайды және себептерін әрт‰рлі т‰сінуі; 
- педагогикалық тартыста куәгерлердің болуы оған тәрбиелік 
мән береді және оны оқытушы есінен шығармауы тиіс; 
- оқытушының кәсібилік позициясы тартысты шешуде 
бастаушы рөлін алуға міндеттейді; 
- тартысты шешуде оқытушының кез келген қателігі басқа 
студенттерді де қамтитын жаңа талас туғызады. 
Тартысты позитивті шешу ‰шін әдістерді таңдауда міндетті 
т‰рде орындалуы қажет ‰ш ережені ескеру қажет: 
1. Тартысты өшіру, яғни тараптар қатынасын аффективті 
кернеулік қатынастардан екі жақтың да қабылдай алатын іс- 
әрекет деңгейге көшіру. 
2. Педагогикалық қызметте тартыстың алдын алу оны 
табысты шешуден әлдеқайда жеңіл. 
3. Тартыстарды созбай шешкен жөн, тіпті жартылай 
келісілген болсын, бірақ позитивті іс-әрекетке жол ашушы болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет