93
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
жатырмыз ғой. Қыз бен жігіт интернетте күшті
сөйлеседі
де, кейін тірідей кездескенде сөз таба алмай, қысылып
отырады. Желіде басқа, өмірде басқа. Интернет
арқылы
сөйлесу кейде жақсы. Себебі тірідей айтуға қысылатын
нәрсені жазып жіберу оңайырақ. Тірідей
қыздың алдында
сөз салатын жігіттерді сыйлаймын. Біраз тізерлеп отыратын
емес)
Cұрақ: Қыз жігітті бірінші болып іздеп, звандап
тұрғаны дұрыс па?
Жауап: Дұрыс емес. Қыздың қадірі болмайды олай істесе.
Қыз гауһартас сияқты бағалы бола білуі керек.
Cұрақ: Қазір жастарға үйлену мәселесінде не
жетіспейді деп ойлайсыз?
Жауап: Білім жетіспейді. Отбасы психологиясы жайлы, ер
мен әйелдің психологиялық
ерекшеліктері жайлы бір де
бір кітап оқымайды. Видео дәрістер көрмейді. Тренингтерге
қатыспайды. Бәрі өзімен-өзі бола береді деп ойлайды. Ал
отбасы бақшасы құлпырып тұруы үшін еңбек ету керек, күш
салу керек.
Cұрақ: Күшті махаббатсыз, тек сыйластықпен жақсы
өмір сүріп кетуге бола ма?
Жауап: Болады және ең дұрысы осы ма деп ойлаймын.
Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)
«Сыйластықтан артық махаббат жоқ» деген еді. Сезім
от сияқты. Өшіп қалуы мүмкін. Ал сыйластық ауа сияқты.
94
Үйлену т
ақырыбына қ
атыс
ты cұр
ақ
-ж
ау
ап
ҚОСЫМША
Әрдайым бар. От та ауасыз жанбайды. Ауасыз адам да өмір
сүре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: