3-модуль. АКТ құралдары 47
• Музыка тыңдау — тегін, тіпті интернет байланысы
болмаса да. Ол үшін түсінікті интерфейсі мен көптеген функциялар
жиынтығы бар медиа ойнатқыш әзірленді.
• Сервистің бұлттық деректер қоймасын пайдалану.
Таңдаулылар қосымшасы мен өзіне қайта жіберу арқылы кез келген
файл (көлемі мен саны шектелмеген) қашықтағы серверге түседі.
• Стикерлерді жіберу, өз бетінше жасау, тегін жүктеуге
(басқа мессенджерлерден ерекшелігі) болады.
• Іздеушілерде (поисковик) табылған фотосуреттерді
құрылғының жадына сақтауынсыз жіберу.
• Автоматтандырылған көмекшілер болып табылатын
боттарды пайдалану.
Пайдалы құралдар Әдеттегі чаттар, топтық қарым-қатынас, файлдарды жіберу
және көру сияқты функциялардан бөлек арнайы құралдар бар.
Оларды қолдану сервис мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді
және клиенттерге қосымша ыңғайлы функциялар ұсынады.
Каналдар • Мессенджерде канал сияқты ұғым бар. Бұл бір жақты тәртіпте
берілетін — автордан аудиторияға, онлайн немесе жазылған мазмұн.
Хабар тарату біржақты, комментарийлер қосу мүмкіндігі жоқ. Әрбір
каналдың атауы және сілтемесі болады. Олар бойынша сол каналды
тауып алуға болады. Мысалы, telegram.me/Қашықтан білім беру.
• Telegram каналына басқа сайттың немесе әлеуметтік желінің
мазмұнын
жіберуге,
өзіндік
түзетулер
мен
әкімшінің
хабарламаларын енгізуге болады. Каналды құру оңай. Ең бастысы —
каналды қызықты бейнероликтермен және жаңалықтармен
толтыру. Қолданушы теңшеулерде көру параметрлерін көрсете
алады. Екі нұсқа бар: каналдағы жаңартулар чат бөлімінде
көрсетіледі, яғни қарапайым адамдардан келетін хабарламалар
сияқты; немесе ескертусіз режим. Бұл ретте каналға кіріп, қандай
жаңалақтардың бар екенін кез-келген ыңғайлы уақытта көруге
болады.
• Каналдар ашық болуы мүмкін — барлық қалаған адамдар
үшін, сонымен қатар жеке, яғни сұратым негізінде әкімшімен
ашылады.
Боттар Бұл бағдарламамен басқарылатын арнайы виртуалды
көмекшілер.