272
қажет. Жас дағдарыстары жас тұрғысындағы 1 сатыдан 2 сатыға өтуге
байланысты пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынасты,
қорекет, сана саласындағы жүйелі сапалық түрленуімен байланысты.
Балалық жаста, әдетте, «бір жас дағдарысы», «үш жас дағдарысы»,
«6-7 жас дағдарысы» және «жеткіншек» дағдарысы сараланады» (10-
13 жас)
Жетекші іс-әрекет – белгілі бір кезеңдегі адамның психикалық
дамуының сипатын анықтайтын іс-әрекет.
Зейін – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,
соған психикалық әрекетін тұрақтата алу, яғни баланың санасының
белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Инфантилим - дамудың тоқырауы, сәбілік шаққа тән дене және
психикалық кейіптің белгілерін сақтау.
Идентификация – (лат. Identification – ұқсастық, 1)бірдей деп
санауы, теңестіру) бір нәрсені, біреуді тану 2) бір нәрсемен, біреумен
ұқсастыру, теңестіру, индивидтің өзін басқа адаммен ұқсастыруы.
Микрогенез (өзекті генез) - қысқа уақыттық ара-қашықтық,
қабылдауды, естің, ойлаудың, қиялдың қысқа мерзімді процестері
жүретін «жас» кезеңін қамтиды.
онтогенез – жеке ағзаның туылғаннан бастап тіршілік жойылғанға
дейінгі даму үрдісі. Бұл терминді 1866 ж неміс биологі Э.Геккель ұсынды
«онтогенез» тәрбиелеу мен оқытудың жағдайларына байланысты бала
психикасында болатын өзгерістерді көрсету үшін қолданылады,
сананың жеке тұлғалық әлеуметтік тұрғыда қалыптасуы.
оқу – еңбек процесін нәтижелі орындау, қабілетті білімді, дағды
мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: