Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста
балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын
адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
«Жандану кешені» - балада алғашқы қарым-қатынасқа деген
әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл
баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі, анасынан
басқа жанұя адамдарын көргенде ерекше эмоционалдық реакция
білдіру: күлу, қозғалыс реакциялары, воколизация.
Балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы. А.Анастазии: Мектептік кемелділік – бұл мектептік бағдарламаны
табысты меңгеру үшін қажетті ептіліктерді, білімдерді, қабілеттіліктерді,
мотивацияны және т.б. игеру.
И.Шванцара: Мектептік кемелділік – бұл даму дәрежесіне жету,
яғни баланың мектептегі оқытуға қатысуға қабілетті болуы.
Тұлғалық дайындық - балада жаңа әлеуметтік позицияның
өзгеруіне дайындығын қамтиды- құқықтар мен жауапкершіліктері бар
оқушы мүддесі. Осы тұлғалық дайындық баланың мектепке, оқу іс-
әрекетіне, мұғалімдерге, өз-өзіне деген қатынасынан көрінеді. Тұлғалық
дайындыққа мотивациялық және эмоционалдық салалардың дамуының
белгілі бір деңгейі жатады.
Интеллектуалды дайындық - балада ой-өрістің, нақты білімдер
қорының болуын ұйғарады. Балада біртекті бөлшектенген қабылдау,
аналитикалық ойлау, логикалық есте сақтау, ырықты сөйлеу болуы тиіс.
Әлеуметтік дайындық балада басқа балалармен, оқушылармен
қарым-қатынас жасау үшін қажетті сапалардың болуын қамтиды.
Берілген компонент балада қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің,
балалар тобының мүддесі мен нормаларына бағыну ептілігінің дамуын
ұйғарады.
275
2012-2013 оқу жылы бойынша Жоо-дағы аттестациялау жұмысына