Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстар-
дың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Мұндай жүйе
организм тіршілігі үшін өте маңызды және дағдыны қалыптастырудың
физиологиялық негізі.
Дамудағы эволюциялық өзгерістер - салыстырмалы түрде баяу
сандық және сапалық құрылымдармен байланысты. Өзгерістер өмірдің
елеулі кезеңін қамтиды (нәрестеде бірнеше айдан, неғұрлым үлкен
жастағы балаларда бірнеше жылға дейін). Мұндай өзгерістер «үнемі
әсер ететін» факторларға байланысты: бала ағзасының биологиялық
жетілуі мен психо-физиологиялық күйі, оның адамзаттық әлеуметтік
қатынастар жүйесіндегі орны, интеллектуалдық және тұлғалық
дамудың жеткен деңгейі.
Дамудағы революциялық өзгерістер- неғұрлым терең бола
отырып, жылдам және аз уақытта жүреді. Мұндай өзгерістер әдетте жас
аралығында болатын жас дамуының дағдарысына орайластыру
Дамудағы жағдайға байланысты өзгерістер - нақты бір жағдай-
дың әсеріне байланысты. Мұндай өзгерістер өзіне баланың психикасы
мен мінез-құлқында ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған
оқыту мен тәрбиелеу әсерінен болатын нәрселерді қамтиды.
Дифференциация – тар мағынада – бастапқы тұтастан прогрессивті
түрде түрлі бөлшектерді бөліп алу. Ол өсуге, құрылымдық күрделіктерге,
және де мінез-құлықтың икемділігіне және ауыспалылығына әкеледі.
Кең мағынада – психикалық функцияларды және мінез-құлық тәсілдерін
прогрессивті бөлшектеудің, кеңейтудің және құрылымдаудың жалпы
мазмұны.
Енжарлық – (лат. passives - әрекетсіз) баланың белсенділігіне
қарама – қарсы қасиетінің бірі. Енжар бала әрекетсіз, немқұрайды,
селсоқ, ынтасыздық, еріксіздік сияқты және т.б қасиеттерінен
байқалады. Енжарлыққа жетелейтін әр түрлі себептер болады. Ондай
себептердің мәнін анықтап, енжарлықты жеңуге болады.
Ерік – әрекет жасауды қажетсіну.