Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


ҚЫСҚАША ПСИхоЛоГИяЛЫҚ СөЗДІК



Pdf көрінісі
бет124/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

ҚЫСҚАША ПСИхоЛоГИяЛЫҚ СөЗДІК
Анкета – зерттеудің негізгі міндеттері логикалық түрде 
байланыстыру сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік 
психологиялық мәліметтерді алудың психологиялық құралы.
Агрессивтілік – әрекеттер моральдық және құқықтық сипаттармен 
түсіндірілмейтін ешқандай объективті себептерсіз туындайтын 
өшпенділік, көбінесе өзін қорғау немесе басқа адамды қорғауда 
көрінетін сипат.
Агрессия – (латынша aggressio – қазақша шабуыл жасау) қандайда 
бір мақсатқа жетудің құралы ретінде көрініс береді, басқалардың 
шабуылынан қорғану мақсатымен сипатталады.
Адаптация – ағзаның, сезім мүшелерінің ішкі және сыртқы 
тітіркендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі.
Әңгімелесу – оқытудың аса күрделі әдісі, оны табысты өткізу үшін 
өте мұқият дайындық қажет және әңгімеге қойылатын барлық негізгі 
талаптарды ескеру қажет. 
Әрекет – түрлі қажеттілікті өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа 
жетуге бағытталған процесс.
Әдет – әрекет жасауды қажетсіну.
Әсерлеу (импритинг) – нақты үлгінің қысқа мерзімдік әсерінің 
нәтижесінде тікелей, сана тарапынан қадағалаусыз мінез-құлық 
тәсілдерін, талаптарын, қандай да бір нормаларын игеру.
Биографиялық әдістер – адамның өмір жолының фактілерін, 
күндері мен оқиғаларын, құжаттарды, куәліктерді және т.б. талдау
Вундт Вильгельм – (1832-1920) неміс психологі, физиолог және 
философ. Экспериментальды психологияның негізін салушылардың 
бірі. 1879 жылы Лейпцигте тұңғыш психология лабароториясын 
зерттеумен айналысқан еңбектері: «Физиологиялық психологияның 
негіздері» (1880), «Халықтар психологиясы» 10 том.(1990-1920).
Генетикалық әдіс – генетика шығу тегі «төркін» деген ұғымды
білдіреді. Бұл психикалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен
пайда болуын және дамуын зерттейді. Қазірігі кезде психологияда кең 
түрде қолданылады. 
Госпитализм – (ағалшынша Hospital -аурухана)- психикалық және 
физикалық мешеулік синдромы. Туылғанан бастап алғашқы жылдары 
баланың жақын ересек адамдармен қарым-қатынасының жетіспеуінен, 
көбінесе баланың балалар мекемесіне (балалар үйіне ауруханаға 
және т.б) орналастыру салдарынан пайда болады. Балада қозғалыстар 


271
дамуының кешеуілдеуі, әсіресе кеш жүруінен, тілінің кеш шығуынан, 
эмоциялық қарым-қатынастың жетіспеуінен және мешел болуынан 
көрінеді. 
Дағды – сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған
әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. 
Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стереотип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет