200
7 жасқа келгенде үлкендермен қарым-қатынасының нәтижесінде
ситуациялық сөзді меңгереді.
Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың
өздеріне ғана түсінікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін
түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге
болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда
есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.
Бала тілін дамыту үшін
жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ
жаттатудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз
бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диологты
және монологты сөздік қоры дамиды.
Мектеп жасына дейінгілер ең алдымен дауысты дыбыстарды
сонан соң дауыссыз, үнді, қатаң, ұяң дыбыстарды меңгереді. Бұл кезде
балаға -з, -м, -ж, - с, -ш; сияқты ашық дауыссыз
дыбыстарды ызылдап,
ысылдап, ышылдап айтылатын дыбыстарды айту қиындыққа түседі.
Осы кезде -р дыбысын –л немесе и дыбысымен ауыстырып айтады.
Шамамен алғанда баланың сөздік қоры 2 жаста 300-400, 3 жасында
1000-1500, 4 жаста 1600-1800, 5 жасында 2000-2200, 6 жасында 3400-
5000- ға дейін болады.
Алғашқы кезде баланың сөзінде зат есім көп болады. Кейіннен
есімдіктер мен етістіктер және тағы басқа сөз таптарын қолдана
бастайды.
Тілдік материалдар негізінде байланысты
сөйлеу ішкі сөйлеумен
тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуы
мен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге
асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар
үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар
А.А. Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6
жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ
эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.
Достарыңызбен бөлісу: