198
ажырата білмейінше үлкеннің түсіндіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен
де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмен
дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс-әрекеттерінің жаңа міндеттерін
шешуге пайдаланылады.
Ойлау іс-әрекеттерінің қалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін
құрайды.
Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана
білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне байланысты.
Мектепке дейінгі шақта ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау
іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша
өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттерді бойға дарытудың
қалай өтетіндігіне
байланысты бейнелер іс-әрекеттері форма, не сөз бен сан сияқты
белгілер арқылы қабылданады.
Ойлау баланың дамуына оның таным әрекетіне үзіліссіз өрістеп,
кеңейюіне байланысты болады. Кейбір заттар мен күнделікті өмірде бір
неше рет әрекет ете отырып, оның әр түрлі қасиеттері мен спаларын
ерте ажыратып, сол зат туралы жалпы түсініктер пайда болады. Ал
кейбір заттарды сирек көріп, аз әрекет ететін болса, оны тек қана бір
жақты танып біледі. Заттар мен тікелей әрекет
етіп анықтап білу нақты
бейнелік ойлаудың дамуына әсер етеді. Баланың дүниені танып білуінің
өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей байланысты. 6 жастағы
балалар үшін көрнекі амалды ойлауының маңызы зор. Баланың жасы
өскен сайын мәселені өз бетімен ойлап, шешуі кеңейеді. Бірақ әрекеті
икемсіз болады. Ересектер тобынан бастап, практикалық әрекет арқылы
сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың
өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі.
Мектепке дейінгі баланың мынандай ойлауының ерекшеліктері
болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын
ойланған сөздік формада беріледі.
Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің
мәні өзгереді.
Үшіншіден, әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні
өзгереді.
Төртіншіден, көрнекілік амалдық
ойлау жоққа шығарылмайды,
жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс-әрекет әсер етеді. Іс-әрекет
түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады.
Өйткені бала психикасының өзі іс-әрекетінің барысында дамып,
қалыптасып отырады. Іс-әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз
психика да дұрыс дамымайды. Іс-әрекеттің түрлері ойын, оқу,
еңбек
әр түрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып
199
отырады. Мысалы: баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі ережесі
мен шарттары бар дидактикалық ойынды ұйымдастырудың маңызы
зор. Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер ойынды тиісті талаптарға
сай ұйымдастырып, басшылық жасай білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: