Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет88/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

 Бақылау сұрақтары және тапсырмалар: 
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық тәрбиесінің басты 
мақсаты не?
2. Сенсорлық эталондар дегеніміз не?
3. Сенсорлық тәрбие дегеніміз не?
4. Мектеп жасына дейінгі балаларға кеңістік пен уақытты 
қабылдауды үйрету жолдары.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың заттарды кеңістікте 
қабылдауының ерекшелігі
6. Мектеп жасына дейінгі балаларға түс, пішін, рең, көлем, 
қашақтық ұғымдарын ұғындыруда дидактикалық ойыннның ықпалы.
7. Сенсорлық тәрбие мектеп жасына дейінгі балаларға заттар мен 
құбылыстардың жекелеген қасиеттерін танытушы басты құрал. 
8. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы
9. Кеңістік пен уақытты бағдарлауды дамытудың жолдары
1-тапсырма
Балаларға көше құрылысын құрастыруды ұсынбас бұрын тәрбиеші 
бірінші топтағы балаларды топсеруенге апарды. Топсеруен барысында
балалардың назарын әр түрлі үйлердің құрылысына аударып: есіктің,
терезенің, үйлердің қалай орналасқанын көрсетті. Көшенің машина 
жүретін бөлігі мен жаяу адамдар жүретін бөлігі де таныстырды. Ал 
екінші топтың балаларымен мұндай дайындық жұмысын жүргізбей-
ақ, олардан құрылысты бастай беруін сұрады. 
Қай топтың балалары (салыстырмалы түрде) жұмысты дұрысырақ 
орындайды?
Қай топтағы құрылыс тартымды әрі мазмұнды болып орындалады?
2-тапсырма
Суреттегі бейнелерге қарап айтқан балалардың пікірлеріне талдау
жасаңыз.
Меруерт: «Суретте ұлдар, қыздар, өзен, доп бейнеленген».
Серік: «Ұлдар суға шомылып жатыр, кейбіреулері доппен ойнап 
жүр, оның ішінде қыздар да бар». 
Мерей: «Жаздың ыстық күні балалар өзенге келді. Нұрлыхан мен 
Мереке суға шомылып жүр. Заңғар, Жазира, Серік, Арай доп ойнап 
жүр».
3-тапсырма
4 жастағы балалармен серуенде жүрген тәрбиеші олардың назарын 
гүлзарға аударып: 


194
- Мына гүлдерді қалай атайды? – деп сұрады. Балалар:
- Түймедағы
- Дұрыс, ал оны басқа гүлдерден қалай ажыратамыз?
- Түймедағының ортасы сары болады.
- Ал түймедағының жапырақтары қандай?
- Олар ақ әрі ұзын.
Сұрақ: Осы жастағы балалардың қабылдау ерекшелігін анықтаңыз. 
Тәрбиеші балалар танымының қандай сапасын қалыптастырды. 
Жоғарыдағы балалардың әңгімелерінен олардың жас ерекшеліктерін 
және суретті қабылдау деңгейін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет