Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет95/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

2-тапсырма
Әдетте балалардың көпшілігі математикаға шорқақ келеді. Оның 
формулалары мен заңдарын естерінде сақтай алмайды. Бірақ сол 
балалар «Қайратта» ойнайтын футболшыларды немесе белгілі кино 
актерлерін мүдірмей айтып береді. Осы жайлардан есте сақтаудың 
қандай заңдылықтарын байқайсыз?
3-тапсырма
6 жасар Жандосқа әпкесі мынадай тапсырма берді. «Төрт құс ұшып 
келіп ағашқа қонды, егер олар бұтақтарға бір-бірден отырса, онда 
бір құсқа орын жетпей қалады. Ал екі-екіден отырса, онда бір бұтақ 
артық қалады. Сонда ағашта қанша бұтақ болғаны? Есепті бірнеше 
қайталағанмен, Жандос шеше алмады. Сонда әпкесі қағаздан қиып 
4 құс, 3 бұтақ жасады. Осылардың көмегімен Жандос есепті тез әрі 
дұрыс шығарды. 
Бұл мысалдан мектеп жасына дейінгі баланың қандай ерекшелігі 
байқалады?


208
4-тапсырма
Стол үсті ойындары. «Поезд». Мақсаты: танымдық белсенділікті 
қалыптастыру; логикалық ойлау мен қабілет деңгейін дамыту. Балаларға 
көлемі бірдей 10 суретті картина таратылып беріледі. Әр сурет поезд 
вагоны деп түсіндіріп, картина мазмұнына қарай вагондарды бір-
бірімен байланыстыру ұсынылады.
ә) Жер шары бойынша сырттай саяхат жүргізеді. Тәрбиеші жер 
шарыдан Қазақстан т.б. мемлекеттерді көрсетеді. Баланың міндеті ол 
қандай жер, ол жердің халқына, ұлтына, тіршілігіне жеріне, өсімдік, 
жануарлар дүниесіне, табиғатына сипаттама беру керек.
5-тапсырма
а) Аулада 6 жасар Ербол доп ойнап жүр еді, анасы терезеден: 
- Осы ойнағаның да жетер, енді үйге кел - деп айқайлады. Бала 
ойынын жалғыстырып жүгіре берді. Арада біраз уақыт өтті. Шешесі 
тағы да терезесін ашып, бұл жолы дауысын қатты көтеріп: 
- Ербол, қазір үйге кірмесең, тура жон теріңді сыпырамын - деді 
ашуланып. Ербол жайымен допты құрбыларына беріп, үйіне қайтты.
ә) Кітап оқып отырған қызына әкесі:
- Әлия, қолыңды жу да асқа кел - деді. Қызы жауап бермеді. Әкесі 
біраз уақыттан соң қызын тағы шақырды. 
- Естисің бе, Әлия, түскі ас ішетін уақыт болды ғой -деді. 
Қызы ұйқысынан оянғандай:
- Ау, о не? - деп сұрады.
- Түскі ас ішетін уақыт болды ғой! Әлия кітаптан көзін алмай:
- Жақсы, қазір,- деді. Әкесі тағы да:
- Әлия, мен кімге айтып отырмын,- деп реніш білдірді. Оған қызы:
- Мен сізге қазір барамын дедім ғой, - деп ашулы кейіппен жауап 
берді.
Ол қайтадан кітапқа үңілді. Әкесі соңғы рет:
- Әлия, мен саған неше рет қайталаймын - дегенде барып, ол 
бедірейген
күйі дастарқан басына келіп отырды.
Сұрақ: Мысалдардағы сөз арқылы әсер етудің кемшілігі неде?
Айтылған сөз балаға қандай жағдайда әсерлі болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет