Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет97/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

11-тапсырма
Балалар белгілі уақыт ішінде айналасында шашылып жатқан 
геометриялық фигураларды түстері бойынша есіне сақтап, оларды 
артынша қайта жаңғыртуы (қайталап айтып беруі) керек.


210
Мерзімді уақыт өткен соң, белгі беріліп, жан-жаққа қарау 
тоқтатылып, ойын жүргізуші әр қайсысының жауабын тыңдайды. 
Жауап берген баланың тастап кеткені болса, басқалары толықтырып 
отырады. Ойын шарты бойынша кім есінде көп сақтап, айтып берсе,
сол жеңімпаз болады. 
Сұрақ: Ойын үстінде зейіннің қандай қасиеттері байқалады? 
Оларды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?
12-тапсырма
Ермек пен Айгүл 6 жаста. Сырттан меңгеруші келіп, тәрбиешінің 
түстен кейін істейтін жұмысына нұсқау берді. Ермек есік ашылған 
бетте ішіп отырған тамағын тастап, меңгерушінің сөзіне құлақ салды. 
Ал Айгүл тамағын ішіп отырып, кімнің келгенін, не туралы айтқанын, 
оның үстінде қандай киімінің барын, тіпті тәрбиешінің берген жауабына 
дейін есінде сақтап, кейін сұрағанда қайта жаңғыртты.
Сұрақ: Балалар зейінінің айырмашылығын қандай белгілерінен 
байқайсыз?
Тест сұрақтары:
1. Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келетін ойлаудың 
негізгі түрі
А) көрнекі образдық
В) көрнекі бейнелік
С) практикалық
Д) көрнекі амалдық
Е) сөздік-логикалық
2. Үлкендердің пайымдау логикасын әлі меңгермегендіктен 
мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойлауы қалай аталады?
А) образды
В) қимылды
С) эмоциялы
Д) бейнелі
Е) практикалық
3. Баланың дүниені танып білуі қандай таным үдерістерінің 
дамуына тікелей байланысты?
А) қабылдау мен түйсіктің
В) сезім мен зейіннің


211
С) ес пен эмоцияның
Д) қиял мен темпераменттің
Е) ойлау мен еріктің
4. Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін ұйымдастырылатын түрлі 
ережесі мен шарттары бар ойын түрі қалай аталады?
А) дидактикалық
В) қимылдық
С) сюжеттік
Д) шығармашылық
Е) ұлттық
5. Мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай қолданысқа енетін 
сөйлеу түрі
А) контексті
В) сөз-логикалық 
С) ауызша
Д) диалогтық
Е) ситуациялық
6. Балаға әрекеттерін жоспарлап, жүйелеуге көмектесетін сөйлеу 
түрі
А) эгоцентрикалық
В) контексті
В) сөз-логикалық 
С) ауызша
Д) диалог
7. Өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсінікті, 
сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз.
А) ситуациялық 
В) контексті
С) сөз-логикалық 
Д) ауызша
Е) эгоцентрикалық
8. Шамамен алғанда 6 жасында баланың сөздік қоры қанша болады? 
А) 3400-5000
В) 300-400
С) 1000-1500
Д) 1600-1800
Е) 2000-2200


212
9. Балада ырықты есте сақтап, қайта жаңғыртудың алғашқы 
белгілерінің көрінуіне ықпал ететін ойын түрі 
А) сюжетті-рөлдік
В) дидактикалық
С) шығармашылық
Д) қимыл-қозғалыстық
Е) құрылыс
10. Ешқандай мақсат қоюды талап етпейтін мектеп жасына дейінгі 
баланың қиялы қалай аталады? 
А) ырықсыз
В) ырықты
С) шашыраңқы
Д) ұшқыр
Е) арман


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет