Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



Pdf көрінісі
бет12/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

саяси мәтіндерге көбірек көңіл бөлдік. Себебі 
қоғамдағы бүкіл әлеуметтік қатынастардың өзі саясатқа негізделгендіктен ол тақырыпты 
айналып өту мүмкін емес. Осымен байланысты қай мәтінді алсақ та онда ашық немесе 
жасырын түрде көрініс беретін 
саяси дискурсқа прагматика тұрғысынан баға беріп отырдық. 
Прагмалингвистиканың қазіргі тіл ғылымындағы орны мен өзге салалармен 
байланысы бірінші тараудың екінші тармағында кеңінен сөз болды. Тілді қандай да бір 
ақпаратты жеткізу және өңдеу үшін, сондай-ақ қоршаған орта жайында қажетті түсінікті 
қалыптастыру үшін жүзеге асырылатын күрделі процестерді зерттеуді мақсат ететін 
когнитивтік бағыт пен сол процеске тікелей қатысушы адресант 
(ақпаратты ұсынушы) пен 
адресат (ақпаратты қабылдаушы) арақатынасын зерттейтін прагмалингвистиканың 
арасында тығыз байланыстың болуы заңды. Әсіресе адам санасына келіп түсетін ақпараттың 
керекті деңгейде ұғынылып-түсінілуін реттейтін категориялау және концептуалдау процестері 
ғаламның тілдік бейнесін қалыптастыру проблемасына қатысты айрықша маңызға ие болады. 
Өйткені сол процестер арқылы адам ақиқатта болып жатқан оқиғаларды когнитивтік тұрғыдан 
меңгереді. Сөйтіп үнемі ұлғайып отыратын білімін концептілер және категориялар түрінде 
реттейді. Осының нәтижесінде жеке-жеке келіп түсетін мәліметтер жүйеленіп, білім қорын 
құрайды. Осы айтылғандардың бәрі БАҚ мәтіндерін зерттеуде үлкен мәнге ие болады. 
Басқаша айтқанда, когнитивтік зерттеулер медиа-мәтіндерді жекелеген сөзжасам туындылары 
ретінде ғана емес, сол ақпаратты дайындап, тарату саласында еңбек етіп жүрген мыңдаған 


адамдар мен ұйымдардың бірлесе атқарған қызметінің нәтижесі ретінде қарастыруға мүмкіндік 
береді. Сонымен, медиа-мәтіндерді сөз еткенде міндетті түрде олардың интерпретациялық 
қасиеттерін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет