оның білікті маман екендігі, ал адресаттың ол сала туралы білімінің болмауы немесе дилетант
деңгейінде екендігі ол екеуінің оқытушы мен оқушы рөліне енуіне себеп болады. Мұндай
мәтіндерде салалық терминдер жиі кездесуі мүмкін. Автор маман ретінде сол терминдердің
мәнін ашып, мағынасын түсіндіруге тырысады. Ал адресат өзіне бұрын белгісіз болған тың
мәліметтерді түсініп, қабылдайды. Бірінші типтен айырмашылығы мұнда автор оқырманға
міндет артып, бұйрық бермейді, өзі көтеріп отырған мәселеге қатысты дәйектемелерді көптеп
келтіріп, өз пікірінің дұрыстығына аудиторияны сендіруге ұмтылады. Мұндай қарым-қатынас
типінде мәжбүрлеу, міндеттеу, бұйрық беру сияқты әрекеттер болмайды, сондықтан да оқушы
рөліндегі адресат автор позициясын қабылдауға немесе қабылдамауға ерікті.
Газет мәтініндегі адресант пен адресат арасындағы рөлдік қатынастардың
үшінші типі рухани
құндылықтарға, адамгершілік қасиеттерге т.б. рухани проблемаларға арналған мақалаларға
тән. Мұнда ұстаз рөлін атқарушы автор кемеңгер, діни сауатты, теология ілімін жетік
меңгерген, Құранды жатқа білетін, шариғат заңдарын талдап-түсіндіре алатын, пайғамбар
хадистерін жақсы білетін,
бір сөзбен айтқанда,
діни білімі жоғары молда, имам,
теолог ғалым
атқарады. Бұл саладан хабары аздау адресат мәтін авторының кім екендігін білген сәтте-ақ
рухани шәкірт рөліне еніп, мәтінде баяндалған мәселелерге қатысты ой-пікірлерді ұстаздың
дәрісіндей қабылдайды.
Адресант пен адресаттың газет мәтініндегі рөлдік қатынасының
төртінші типі (автор-
үгіттеуші, адресат-күмәнданушы) көбінесе саясатта,
білім беру, денсаулық сақтау т.б.
салаларда болатын түбегейлі өзгерістерге арналған мақалаларға тән. Тәуелсіздік
жылдарындағы қазақ газеттерінде мұндай мақалалар алдыңғы үш типпен салыстырғанда
анағұрлым жиі кездеседі. Бұған мысал ретінде әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік,
республикалық, облыстық, аудандық т.б. сайлаулар қарсаңындағы материалдарды атауға
болады. Яғни жалпыхалықтық сайлау қарсаңында президенттіктен, депутаттықтан үміткер-
тұлғалардың бағдарламаларын кеңінен таныстырып, олардың сайлауда көп дауыс жинап,
көздеген мақсатына жетуі үшін автор оның кәсіби біліктілігі, саяси сауаттылығы, тіпті жеке
өмірі жөніндегі деректерді көптеп келтіріп, үміткердің сайлаушылар алдындағы беделін
арттыруға тырысады. Сайланушы жөнінде неғұрлым көп мәлімет алып, оның
бағдарламасының дұрыстығына көз жеткізген адресат бастапқы кездегі күмәндарынан
арылып, адресанттың пікір-көзқарасын жақтайды. Яғни қай үміткерге дауыс берерін білмей
дағдарып жүрген сайлаушы өз таңдауын жасайды. Мұнда екі түрлі әрекет жүзеге асырылады:
1. Адресат мәтінді түсініп, қабылдау арқылы интерпретациялайды да, өзі лайықты деп тапқан
үміткерге дауыс беруге бел байлайды, яғни автордың ықпалына түседі.
2. Өз позициясын негіздей отырып жеткізген автор күмәнданып жүрген адресатты өз пікірінің
дұрыстығына сендіріп, оның белгілі бір әрекет жасауына, дауыс беруіне түрткі болады. Яғни
үгіттеуші рөліндегі адресанттың мәтін түзудегі прагматикалық мақсаты толығымен жүзеге
асырылады. Қазақ газеттерінің 2005 жылғы желтоқсандағы Президент сайлауы алдындағы