Үгіттеуші адресант келтірген фактілер мен
деректерге сенбеген
күмәнданушы адресат өз позициясында қала береді. Рөлдік қарым-
қатынастың I типінен айырмашылығы мұнда (IV типте) міндет арту, мәжбүрлеу сияқты
әрекеттер жоқтың қасы. Сипаты жағынан соңғы тип екінші типпен ұқсас келеді, яғни мұнда да
мәтін пікірлерді негіздеу, әр түрлі дәйектер келтіру жолымен түзіледі.
Жұмыста жоғарыда аталған рөлдік қатынастың барлық типтері жеке-жеке талдана отырып
мысалдармен дәйектелді.
2.6.2 «Газет мәтініндегі адресант пен адресат – пікірлес коммуниканттар» аттытармақшада қарым-қатынастың бейресми сипатта өтуін мақсат еткен
автор позициясы нақты газет материалдары негізінде анықталды. Соның нәтижесінде қазіргі
қазақ баспасөзіндегі мәтінге жартылай ресмилік сипат беру үрдісі қалыптасып келе жатқаны
анықталды.
Мұндағы автор позициясы оқырманнан тыс, бөлек емес, оны өзі мақаласын арнап отырған
аудиторияның ішіне еніп кеткен, көптің атынан сөйлейтін өкіл деуге болады, прагматика
тұрғысынан алғанда, адресант пен адресат пікірлестер, серіктестер ретінде танылатын
мұндай мәтіндерде дистанция сақталмайды.
Оқырманды өзіне жақындата түсу үшін автор мәтінге бейресми қарым-қатынасқа тән айқын
белгілердің бірі – «анекдот» немесе күлкілі оқиғалар туралы шағын мәлімет-деректерді
енгізеді. Қазақ газеттерінде кейбір материалдар Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала
т.б. туралы ел арасында кеңінен таралған әңгімелер түрінде беріледі. Әсіресе, саяси
тақырыптарға арналған шағын мақалаларда белгілі шенеуніктер мен мемлекет
қайраткерлерінің өз аузынан шыққан қисынсыз, күлкілі, орынсыз сөздерді келтіру арқылы
автор мен оқырман «таразының бір басында» отырып, билік өкілдерін бірлесе сынайды,
мінейді. БАҚ партияның билік жүргізу құралына айналған Кеңес кезінде саясаткерлер,
қайраткерлер атына шаң жуытпай, оларды тек жақсы жағынан көрсетуге тиіс болған
журналист бүгінде аудиториямен «бір кемеде» қалады.
Екінші тараудың 2.6.3