Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


дәйектемелік кесіндемесін



Pdf көрінісі
бет30/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

дәйектемелік кесіндемесін жасайтыны анықталды. Жұмысымызда ол 
кескіндеменің мәтін 
өзегін құрайтын тезис-тұжырымнан, сол тұжырымды 
негіздейтін 
дәйектерден (факті) және осы екеуінің арасындағы логикалық 
байланыстан тұратын күрделі құрылым екені дәлелденді 
2.7.3 
«Эмоционалды модальділік» деп аталатын тармақшада эмоционалдық факторының 
медиа-мәтіндегі көрінісі қазақ баспасөзі материалы негізінде қарастырылды. Автор қандай да 
бір мақаланы жазуына себеп болған түп мақсатын адресатқа барынша терең, жан-жақты 
жеткізу үшін аудиторияны белгілі бір эмоционалдық күйге түсіруді көздейді. Осы 
прагматикалық міндеттің орындалуы мәтінде әртүрлі эмотемалардың медиа-мәтінде қуаныш, 
қорқыныш, ашу-ыза тудыратын т.б. эмоцияларды туындататын түрлі лингвистикалық және 
бейлингвистикалық құралдар түрінде қамтылады. Осымен байланысты жұмысымызда кез 
келген эмоция мәтінде эксплицитті немесе имплицитті түрде, басқаша айтқанда, мәтіннің 
вербалды түрінде ашық көрінбейтін, бірақ эмоциялық әсер тудыратын ақпарат нұсқасында 
ұсынылатыны анықталды. Осындағы мәтінге эмоционалды сипат беретін ақпарат негізінен 
мақаланың бастапқы бөлігінде (тақырыпатта және кіріспе бөлікте) орналасады. Әсіресе қазақ 
оқырманының когнитивтік санасында мықтап орныққан ұлттық дүниетанымын көрсететін, 
сөздік қорымызда ежелден қолданылып келе жатқан фразеологизмдерді, әртүрлі 
лингвокультуремаларды түрлендіре қолдану, яғни трансформация тәсілі эмоциялық күй 
тудыруда айрықша маңызға ие болатынына көз жеткізілді. 
Сонымен жұмыста модальділік категориясы адресанттың адресатқа тигізбек болған 
прагматикалық әсеріне қол жеткізу үшін пайдаланатын құралы есебінде зерделенді. 
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикалық ерекшеліктері жұмыстың  үшінші тарауында 
жан-жақты қарастырылды. Оның бірінші тармағында қазіргі қазақ баспасөзіндегі жанр түрлері 
жеке-жеке сипатталып, олардың прагматикалық әлеуеті Маттуш формуласы [16] бойынша 
анықталды: 
і = N – n 

Мұндағы N – мәтіндегі сөздердің жалпы саны, n – көмекші сөздер саны, і – мәтіннің 
ақпараттық сыйымдылығы коэффициенті. Бұл формула бойынша мәтінде қолданылған 
көмекші сөздер санының оны құрайтын жалпы сөздер санына қатынасын анықтау арқылы 
мәтін көлемінде қамтылған ақпараттың мөлшерін білуге болады. Ол ғылыми 


әдебиетте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет