Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


«Газет мәтініндегі адресант пен адресат қарсы пікірдегі (оппонент)



Pdf көрінісі
бет27/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

«Газет мәтініндегі адресант пен адресат қарсы пікірдегі (оппонент) 
коммуниканттар» деп аталатын тармақшасында адресант пен адресат қарсы пікірдегі 
коммуниканттар ретінде қарастырылды. 
Мұндай мәтіндерде автор өз пікіріне оқырман аудиториясын сендіруге барынша күш салады. 
Бірақ адресаттардың бәрі бірдей автор позициясын қолдай бермейді, қарсы пікір айтушылар 
да табылады. Осымен байланысты автор адресатты оппонент ретінде қабылдауға мәжбүр 
болады. Оппонент рөліндегі, яғни автормен тең дәрежеде өз пікірін білдіруге қабілетті 
оқырмандарды үлкен екі топқа бөлуге болады: I топқа жалпы пікір ақиқаттығына көз жеткізу 
үшін дауласатын, қарсы жаққа өз ойының дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатымен пікір 


таластыратын 
достық ниеттегі оппоненттер; II топқа қарсы жақты қалай да жеңуді мақсат 
ететін, өз пікірін дәлелдей отырып, қарсыласын мүлдем тұқыртып тастауға 
тырысатын 
агрессивті оппоненттер жатқызылады. Бұлайша топтастыру айтысушы екі 
жақтың нақты коммуникативтік ситуациядағы мақсатына байланысты болады. С.И.Поварнин 
айтыс-таластардың арасындағы айырмашылық ең алдымен дауласушылардың алдына қойған 
мақсаттарынан көрінетіндігін айтады: «Различия споров, полемики обусловлены прежде всего 
различиями «целей, которые ставят себе спорщики. Вступает ли человек в полемику, чтобы 
выяснить истину, убедить в своей правоте противника или чтобы одержать над ним победу 
любой ценой на глазах у публики – в зависимости от цели спор ведется либо «по-
джентельменски», «по-рыцарски», либо по принципу «на войне – как на войне», либо прямо 
«по-хамски» [15,85]. 
Полемикалық мәтіндердегі автордың оппонент-адресатқа қатысты таңдаған стратегиясы 
коммуниканттар арасындағы негізгі қарама-қайшылықтардың уәждемелеріне байланысты 
анықталады. Яғни олардың мүдделері, мақсаттары, тіпті өмірлік құндылықтары әртүрлі болуы 
мүмкін. 
Мұндай позиция автор қолданатын жекелеген тілдік бірліктерден емес, мәтіннің жалпы 
мазмұнынан көрінеді. Салыстырмалы түрде алғанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет