Тілдік қайталамаларда прагматикалық интенсификатор қатарына
жатқызылып, 3.2.2 тармақшада арнайы қарастырылды.
Тілдік қайталама немесе реприза құбылысы деп жекелеген дыбыстардың, сөздердің,
морфемалардың, синонимдердің немесе синтаксистік конструкциялардың қатар тұрып яки
арасына бірді-екілі өзге сөздерді ғана кірістіре отырып қайталана жұмсалуы айтылады.
Қайталанатын элементтердің бір-бірінен алшақ емес, мүмкіндігінше жақын (тіпті қатар)
орналастырылуы – оларға баса назар аударту, қалай да реципиент көңілін бөлу мақсатынан
туған тәсіл. Сөйленім мәнерлілігін күшейту үшін пайдаланылатын өзге сөзжұмсамдық
фигуралар сияқты қайталаманы да тілдік нормадан уәжді түрде ауытқу деп санауға болады.
Сонымен бір сөйлемнің құрамында бір сөздің бір-ақ рет қолданылуы синтаксистік норма
болса, екі немесе бірнеше рет қайталана жұмсалуы мәтіннің прагматикалық әсерін күшейтуге
бағытталған арнайы тәсіл болмақ. Қазіргі қазақ газеттеріне шолу жасағанда байқалған ерекше
тәсіл – бір сөздің (автордың реципиент назарын айрықша, баса аударту қажет деп тапқан
элементтің) бір сөйлем ішінде ғана емес, бүкіл мәтіннің өн бойында бірнеше дүркін жұмсалуы.
Қазіргі қазақ газеті мәтіндерінде кеңінен қолданылатын қайталамаларды үлкен екі топқа
бөлуге болады:
1. лексикалық қайталамалар;
2. синтаксистік қайталамалар (синтаксистік конвергенция);
3. дыбыстық ұаттамалар (аллитерация, ассонанс т.б.)
Осы қайталамалар арқылы қарқындылық категориясын қалыптастырып, іске қосатын қосымша
мәндік реңктер жеткізіледі.
Лексикалық қайталамалар көп жағдайда сөзжұмсамдық клишелердің трансформациялануы
негізінде жасалады. Ол сөйлемнің бөліктерін байланыстырушы қызметін атқара отырып іс-
әрекеттің қарқындылығын немесе басқыштана сатылануын, өрбуін көрсетеді. Оның өзі
іштей
ұқсастығы және ұқсас еместігі белгісі бойынша жіктеледі. Жұмыста аталған қайталама
түрінің газет мәтіндерінде қолданылуына қатысты қазақ баспасөзінен жиналған мысалдар
көптеп қамтылды.