Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


жалғыз келіп, жалғыз кеттім



Pdf көрінісі
бет36/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

жалғыз келіп, жалғыз кеттім (Садықбек Адамбековтың сөзі) 
(Егемен Қазақстан, 30.06.04). Көңіл көңілден су ішеді. Адалдықты арына серік ете ғұмыр 
кешіп келе жатқан қарт майдангер, ауыл мұғалімі туралы сыр. (Егемен Қазақстан, 
25.06.05). 
Әр кезеңнің пісіп жетілген, тіптен де болмай қалмайтын 
тарихи 
толғақты кезеңі болады. Тарих толғатады. Ал қатты толғақ жаңа бір өзгеріс 
тудырмай тұра алмайды. Оның осынау үрдісіне ешкім де тосқауыл қойып, тоқтата 
алмақ емес. Өйткені 
тарихи құбылыс қай-қайсымыздың да еркімізден тысқары дамып, 
ілгерілей беретін 
үрдіс. Ендеше Уәли әлсіздігі мен саясатындағы селкеулікті 
тарихи аспектіде қарастыра бағалаған жөн болмақ /…/. 
Жалғаулықтардың, параллель конструкцияларының қайталана қолданылуын айрықша 
стильдік тәсіл ретінде журналистер мәтіннің прагматикалық құндылығын арттыру мақсатымен 
жиі қолданады. Өйткені адресантқа жүктелген маңызды прагматикалық міндет – адресаттың 
көңіліне әсер ете отырып, оны белгілі бір эмоционалдық күйге түсіру – осындай жолдармен 
орындалады. Осы мақсатқа қол жеткізілуі үшін өзге де прагматикалық интенсификаторлармен 
бірге тілдік қайталамаларды пайдаланудың маңызы зор. 
3.2.3 
тармақта 
«Сөз ойнатым» деп аталады. 


Сөйлеу әрекетінің ерекше түрі – сөз ойнатым ғалам бейнесінің немесе бізді қоршаған 
болмыстың үзік суреттерін санамызда бейнелеп көрсетудің анағұрлым тиімді тәсілі болып 
табылады. Газет мәтініндегі сөзойнатымның негізгі мақсаты – мәтінге ойнақылық, жеңіл әзіл, 
юмор мәнін үстей отырып, оның эмоционалды-экспрессивтік әсерін күшейту, басқаша 
айтқанда комизм әсерін тудыру. 
Газет мақаласындағы комизмнің қабылдануы мәтінді екі жақты интерпретациялау – ондағы 
таптаурындық және сөзойнатымдық элементтер негізінде талдап-түсіну арқылы туындайтын 
комикалық әсерге қол жеткізу болып табылады. Сонымен, газет мәтініндегі комизм құбылысы 
ең әуелі оның айқын прагматикалық бағыттылығынан көрінеді. Жұмысымызда ол мәтіннің әсер 
ету аспектісіне қатысты қарастырылды. Қазіргі газеттерге шолу жасағанда аталмыш 
құбылыстың публицистиканың барлық жанрына дендеп еніп келе жатқандығы байқалды. 
Зерттеуімізде сөзойнатым тәсілі қазіргі газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін арттыратын аса 
маңызды тәсіл ретінде танылды. Ол (сөзойнатым) әдеби, стильдік және синткасистік 
нормалардан ауытқуға, контраст принципіне негізделе отырып, оқырман санасында 
қалыптасқан дәстүрлі үрдістерді бұзу арқылы әсер етуді мақсат ететін прагматикалық 
қарқындандырушы болып саналады. Мәтіндегі комикалық әсердің когнитивтік-прагматикалық 
табиғатын ашу үшін фреймдер іске қосылады. Бұдан бөлек пресуппозицияға негізделетін 
логоэпистемалардың қолданысы да мәтін түсінілімінің психолингвистикалық қырын 
айқындайды. 
Сонымен сөзойнатымды бей-берекет қолданылатын, ешбір нормаға бағынбайтын, ережесіз 
ойын тәсілі ретінде емес, белгілі бір прагматикалық мақсатта жұмсалуы тиіс, сөз мәдениетінің 
тамаша бір көрінісі ретінде ұтымды пайдаланылғанда ғана қажетті комикалық әсерді 
туындататын, сондай-ақ адекватты түрде түсінілетін қару ретінде түйсінуі деп ойлаймыз. 
Жұмыстың 3.3 тармағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет