ғалымдарының еңбектерінде кеңінен жұмсала бастады. Ал 80-90-жылдары аталмыш мәселеге
арналған алғашқы іргелі еңбектер жарық көрді.
Дискурс ұғымы тіл біліміндегі
антропоцентристік бағытты ұстанған көптеген арнаулы салалардың (психолингвистика,
социолингвистика, паралингвистика, нейролингвистика, когнитивті лингвистика,
прагмалингвистика т.б.) дербестенуіне байланысты айрықша маңызға ие болды. Аталмыш
салалардың іштей жіктелуімен бірге интерграциясы осы дискурс ұғымының төңірегінде
шоғырланды деуге болады. Осымен байланысты әлі күнге дискурсқа берілген анықтамаларды
аяқталған, толыққанды, дәл деп санауға болмайды. Біздіңше, дискурсты прагматикалық
тұрғыдан талдағанда коммуникативтік ситуацияға және оған қатысушыларға байланысты
экстралингвистикалық, этномәдени факторлар сондай-ақ коммуниканттардың мақсат-ниеттері
басшылыққа алынуы тиіс. Қандай да бір ақпаратты алғанда оқырман автордың сол мәтінді
дайындаған сәттегі қиял-дүниесін елестетуге тырысады. Басқаша айтқанда, дискурсты түсіну
бөгде адамның ойлау дүниесіне еріксіз және ерікті түрде ену деуге болады. Ал өз кезегінде
адресант сол дүниені керекті нұсқада жасау үшін тілдегі семантиканың барлық мүмкіндіктерін
пайдаланады.
Л.А.Кочетова дискурстың өзіндік ерекшеліктерін мынадай прагматикалық белгілер көрсететінін
айтады: мақсатты бағыттылығы айқын әлеуметтік әрекет; ситуация шарттары (дискурсқа
қатысушылар, ондағы рөлдер, коммуникативтік өзара әрекеттестік сипаты т.б.); құндылықтар,
стратегиялар, жанрлар. Сондай-ақ мәтін және дискурс мәселесіне Н.Уәли, Э.Д.Сүлейменова,
Г.Бүркітбаева, З.Ерназарова, Ж.Кеншінбаева, Д.Әлкебаева, Г.Матжанова т.б. зерттеушілер әр
түрлі қырынан тоқталған.
Газет мәтініне қатысты алғанда дискурсты адресант – мәтін – адресат үштағаны төңірегінде
қарастырған жөн. Осы үштіктің қайсыбірі іске қосылмаған жағдайда дискурс толық жүзеге
асады дей алмаймыз. Бірінші және екінші компоненттердің дискурсқа қатысуы міндетті, сөзсіз
болатын нәрсе. Ал үшінші компонент әрбір нақты дискурсқа түрліше деңгейде қатысады.
Басшылыққа алған осы қағидамызға сәйкес біз әрбір баспасөз материалын дискурстық
деңгейде қарауға тырыстық. Яғни кез келген материалға арқау болған тақырыпты қағаз бетіне
түсіргенге дейін автордың ой елегінен өткізуі барысындағы нюанстарды болжап, кейін
адресанттың прагматикалық ұстанымы ұғымы аясына кіретін сәттерді ескере отырып, сол
ойдың қандай тілдік және бейтілдік құралдар арқылы өрнектелетініне, қалайша
безендірілетініне дейін мән берілді. Ал аталмыш үштағанның айрықша маңызды компоненті –
адресатқа қатысты зерттеуді мүмкіндігінше оқырмандар арасында жүргізген сауалнама,
диспуттар нәтижелеріне негіздеуге тырыстық. Аталмыш тәсілдерді қолдана отырып қазіргі
қазақ баспасөзінің қоғамдағы саяси дискурсты қалайша және қандай дәрежеде
айшықтайтынын анықтауға тырыстық.
Жұмыста
3.3.1
Достарыңызбен бөлісу: