92
Жіктеу есімдіктері «Абай жолы» роман-эпопеясынан байқағанымыздай
тек жіктік жалғауы арқылы
ғана сөйлемді тиянақтап қоймай, олар сөйлемнің
соңында əр түрлі тұлғаларда тұрып, есімді сөйлемдер жасайды.
Мұның өзі
жіктеу есімдіктерінің сөйлемдегі жұмсалу аясының əлдеқайда кең екенін
көрсетеді. Енді соларды жеке-жеке көрсетелік:
- Нөлдік тұлғадағы жіктеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы - Төрт
тарапың сай келген, ендігі қазақтың хан төресі
сен екенсің!
- Жіктеу есімдігінің жіктік жалғауда келіп оған «ғой» нақтылық
шылауының тіркесуі арқылы: Жеміс күтіп, нəр алатыны
сенсің ғой. Жеткізетін
сенсің ғой!..
- Жатыс жалғаулы жіктеу есімдігі мен көмекші етістіктердің тіркесуі
арқылы: Бұрын бұзық ой
менде де жоқ еді.
- Нөлдік тұлғадағы жіктеу есімдіктері мен болымсыздық етістігі
арқылы: Қазірде Абай байқаса, мына Базаралы
ол емес.
Жіктеу есімдігінен кейінгі сөйлем соңында қолданылатын есімдіктің түрі:
Өздік есімдігі. Егер жіктеу есімдіктері мен, сен, ол, біз т.б. сөйлем соңында
баяндауыш қызметінде жұмсалса,
керісінше, өздік есімдігі тек тəуелдік
жалғауының үшінші жағында келу арқылы жұмсалады. Оның өзі өздік
есімдігінің көбіне тəуелдік жалғауының үшінші жағында жұмсалуымен
ерекшеленеді.
- Өздік есімдігінің тəуелдік жалғаулы тұлғада келіп, оған көмекші
етістігінің тіркесуі арқылы: Немересін баулып отырған
өзі екен. Бірақ, қаза
мен жазаны шеккен бұлардың
өзі емес.
- Өздік есімдігі жатыс септігінде келіп оған болымсыз етістігінің
тіркесуі арқылы: Сонысы, жəне, жалғыз Қадырбайдың
өзінде емес.
Кейде өздік есімдігі нөлдік тұлғада келіп, оған түйдектелген көмекші сөзі
жатыс жалғаудағы күрделі баяндауыш қызметінде мекендік, бағыттық мағына
үстейді. Өз байлауы
өз ішінде.
Сол айтылған, жазылған жырлар əлі күнге
Абайдың
өзінде, өз бойында.
Достарыңызбен бөлісу: