Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет49/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
treatise527

Шығыс септігіндегі күрделі сан есім мен көмекші етістік: Үйткені, анау 
таудан ағылған нөпірдің сан мөлшері де бір бес жүзден кем емес
- Барыс септігі: Саны қырыққа жететін салдардың жасалуы онға жуық. 
Мұндағы баяндауыш сан есімді тіркестен синтаксистік тəсіл арқылы құралған, 
бастауыштарын сандық сапада болжалдық түрді көрсетеді.
– Сан есім+ақ демеулігі + зат есім жəне керек модаль сөзі: - Бар мал емес, 
елу-ақ қой керек. Мұндағы есім баяндауыштың құрамында үш көмекші сөз бар: 
елу – негізгі де, -ақ қой керек – көмекші сөздер. Соңғы үш көмекші сөз негізгі 
баяндауышқа əрі күшейткіш, əрі заттық, əрі модальдық мағына қосып тұр. 
Осындай, есім баяндауыштардың құрамында айтылатын көмекші сөздер 
есімдердің баяндауыштық қызметін дəлдеп, мағынасын толықтырып тұрады. 
Сан есім мен көмекші сөздер: Айтқанын мақұл көре қоя ма, жоқ па? 
Онысы тағы екі талай. 
- Сан есімдер сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей қарым-қатынасқа 
түсе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері - зат есімдер, зат 
есімнен жасалған туынды сын есімдер жəне етістіктер ғана. Өзге сөз 
таптарынан басқа да сөздерді талғамайтын ғана, ақ демеуліктерін атауға 
болады. 
– Зат есім мен күрделі сан есім: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он 
екі
- Күрделі болжалдық сан есім + зат есім мен көмекші етістік: Осы 
топтың артынан іле, тағы бір топ келді. Бес-алты кісі еді. 
- Жинақтық сан есім мен –ақ демеулігі арқылы: Ойбай, бізде не қауқар 
бар? Біз екеу-ақ... 
Жай сөйлем түрлері 
Хабарлы сөйлем: Төрдегі бөлмелер екеу еді. Бұлар беттеген қалың топ 
үлкен үйлер он шақты еді. 
Жақты сөйлем: Ертең үстіңе сияз құрғызамын. Бұл бір.
Жалаң сөйлем: Солар саны елу-алпыс. Біз екеу-ақ... 
Жайылма сөйлем: Абайдың қасындағы жас жігіттер саны он екі. Бір 
Тəкежанда қазір сегіз жүз жылқы бар екен.
Толымды сөйлем: Құлыншақ - сол Торғайдың басты кісісінің бірі. 
Толымсыз сөйлем: Жиреншеде сегіз жүз. Жетісуда – алты жүз мың. 
Сан есімді салалас құрмалас сөйлемдер
-Сан есімді жалғаулықсыз ыңғайлас (мезгілдес) салалас: Балалары жоқ
ерлі-қатынды екі бас.Алдыңғы бəйге түйе бастатқан тоғыз, екінші жамбы 
бастатқан тоғыз. Бұл сөйлемнің екі сыңарының да баяндауыштары дара есептік 
сан есімі тоғыз арқылы жасалған. 
-Болжалдық сан есімді жалғаулықсыз салалас: Базаралының туыс, дос 
көршілерінен құралған аулы көп үйлі кедей ауыл, он бес шамасындай. 
Сан есімді жалғаулықты ыңғайлас(мезгілдес) салалас: Бас тоғызы түйе, 
екінші тоғызы жылқы, аяғы қой, ешкі тоғыздары жəне ішік-кілем сияқты 
тоғыздар еді. 


89
- Сан есімді кезектес салалас: Жыл сайын, ай сайын, кейде, тіпті күн 
сайын көргеніміз бір тепкі. 
Сан есімді есімді сабақтас құрмалас сөйлемдер
-Шартты бағыныңқылы сабақтас: Бас жасысы Қоқан керуенінен алған 
жүз қойлық жібек кілемнен басталса, содан ары, ішік жиырма бес, сырмақ, 
сандық, жиырма бестен.
- Аралас сөйлем: Шарды түбінде елубасылар салып болған соң, санайтын 
ұлықтың өзі болмайды, осы мынау, столда отырған екі тілмаштың бірі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет