Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Көру түйсігінің
ұзындығы — 390—780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). Осы арқылы жарық толқындарын бір-
бірінің түрлі сипаттарына қарап айыруға болады: а) Толқынның ұзындығы онын, бір
секунттағы шайқалу санына
байланысты. Шайқалу жиілей түссе, толқынның ұзындығы қысқара береді, шайқалу саны азайған сайын толқынның
ұзындығы арта бастайды. I секунтта ең аз шайқалатын ұзын толқындар қызыл түсті көрсетеді, көп шайқалатын ең қысқа
толқындар күлгін түсті бейнелейді. Әр түрлі толқындардың қандай түс түйсігін тудыратындығы миллимикрон есебімен
алғанда мынадай сипатта болады:
380—450 миллимнкрон — күлгін түс;
450—470 -”- — көк түс;
470—480
---- көгілдір тус;
480—490 -”- — көгілдір жасыл
590—510 -”- —
жасыл көгілдір
510—560 миллимикрон— жасыл түс
560—575 -”- — сарғыш жасыл түс,
575—590 -”- — сары түс.
590—610 -”- — қызғылт сары түс;
610—780 -”- — кызыл түс.
ә) Жарық толқындары шайқалу амплитудасы арқылы бір-бірінен айырылады,
Бұл толқынның энергиясына
байланысты. Шайқалу амплитудасынан біз түстіқ анықтығын байқаймыз.
б) Жарық толқындарының түріне қарап, бір-бірінен айыра аламыз. Жарықтың түрі түрлі ұзындықтағы
толқындардың өзара араласуынан туады. Түстердің қоюлығы жарық толқындарының түріне карай болады,
Заттар мен нәрселердің түстері
хроматикалық (қызыл,
қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін),
Достарыңызбен бөлісу: