Қабілеттід жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант — адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы
қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы
әрекетпен шұғылданады, сол ба-ғытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында онын іс-әрекеті өзгелерге өнеге
болады, жемісті нәтижелер береді.
Адам кабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамьш, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл — адамның
ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы
қабілеттерінің
жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелсрі адамның
әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б.
салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады.
Сондай адамдар қатарына
Аристотель, Платон, Әбу Нәсір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би,
Қазыбек би, Әйте-ке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызура болады.
Кабілетке қатысты
мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет — адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай
өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын,
кісілік сипатыи, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне
айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның
қалыптасуы тәжірнбелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сезбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі
деңгейде дамып өрістеуінің негізгі Факторы — еңбек.
101