волонтерлік сферасы көптеген жетістіктерге жеткеніне қарамай, ол пайда болу
кезеңінде, өзіне қызығушылық танытқан барлық мұдделі жақтарды көңіл
бөлуін қажетсінеді: ҮҮЕҰ және халықаралық ұйымдар, мемлекеттік
мекемелер және бизнес құрылымдар. 2006 жылы 25 шілде Қазақстан
Республикасының Президенті «Қазақстандағы азаматтық қоғам 2006-2011
жылдарға арналған дамуының концепциясына» қол қойды. Бұл концепция
азаматтық қоғамның ұйымдасуы мен дамуын түрлі коммерциялық емес
ұйымдардың ашылумен, мысалға ҮЕҰ секілді ерікті әлеуметті белсенді
халықты тартуын қолдайды. Концепция азаматтық қоғам дамуының
маңыздылығын көрсеткен. «Волонтер» немесе «Ерікті» сөздері концепцияда
көрсетілмеген, тек қана ортақ бағыт берілген, ол «Елімізде азаматтық
қоғамның дамуының жоғарғы сатысы ретінде волонтерлік институттың
дамуын алу». Еріктілер – демократиялық елдердегі ең үлкен жұмыс күштері
саналады. Соңғы уақытта Қазақстанда көптеген еріктілер ұйымдары құрылды.
Алайда көпшілігі тек қағаз жүзінде жұмыс жасайды. Әзірше әлеуметтік
жобалар бойынша жұмыс жасайтын бұл ұйымдарды білім, экология немесе
мемлекеттік органдар ұйымдастыратын шаралар толғандырмайды.
Желтоқсанның 5-і. Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші
еріктілердің халықаралық күні, Дүниежүзілік еріктілер (волонтерлер) күні.
Атаулы күні 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40шы
сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі.
Қазақстанда Ұлттық волонтерлік желісі жұмыс жасайды, ол Құрылған
уақыты: 2010 жылғы 30 сәуір. БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы және
Қазақстанның Азаматтық Альянсының жобасы. Волонтерлік ұйымдарды,
волонтерлермен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ларды, сонымен қатар, волонтерліктің
дамуына
қызығушылық
білдіретін
жеке
тұлғаларды
біріктіреді.
Мақсаты: еріктілік бастамалардың әрі азаматтық қоғамның
толыққанды және үдемелі дамуы. ҚР-да волонтерлік мәдениетті дамыту.
Желінің дамуы: ҰВЖ мүшелерімен жұмыс: ақпарат алмасу, білім әрі
машықтарға үйрету, қолдау көрсету және т.б. (қазіргі уақытта желіге бүкіл
Қазақстан бойынша 18 волонтерлік ұйым кіреді). Білім беретін волонтерлік
лагерлер/мектептер: 2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс
істейтін ҮЕҰ-ларға арнап, Бурабай жерінде халықаралық волонтерлік лагерь
өткізілді. Оған Қытайдан келген эксперттер, БҰҰ волонтерлері, АҚШ
Бейбітшілік Корпусының волонтерлері қатысты. Биылғы жылдың жаз
мезгіліне волонтерлер мектебі жоспарлануда. Халықаралық қызметтестіктің
дамуы: Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, АҚШ Бейбітшілік
Корпусы, ASA германдық қызметі. Желіге мүше болу арқылы Волонтерлік
туралы ақпарат пен қорларға қол жеткізу. Волонтерлікті дамытуға
қызығушылық білдіргендерге өзара көмек, өзара қолдау көрсету әрі өзара
байланыс орнату.
Достарыңызбен бөлісу: