Ақырет өткелдері


басқаратын бір кісі шықпайынша, Қиямет келмейді»



Pdf көрінісі
бет106/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

басқаратын бір кісі шықпайынша, Қиямет келмейді», – деген
2

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «адамдарды аса таяғымен 
басқаратын кісі» деуі – заман өзгеріп, адамдар бұзылғанда, бұл 
ізгі адам халықты туралыққа бастайды дегені. 
54-белгі: Яһудилермен соғыс 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылмандар яһудилермен соғыспайынша, 
Қиямет келмейді. Мұсылмандар оларды қырады. Яһуди тас 
пен талдың артына тығылғанда, тас немесе тал: «Ей, 
1
Муслим. 
2
Әл-Бұхари, Муслим және Ахмад. 


120
 
 
мұсылман! Ей, Аллаһтың құлы! Міне, яһуди менің артымда, 
кел де, оны өлтір!» – дейді. Тек ғарқад (бұлай етпейді), себебі ол 
– яһудилердің ағашы», – деген
1

Бұл жағдай Дәжжал шыққанда жүз береді. Себебі яһудилер 
Дәжжалдың әскері сапынан орын алады. 
55-белгі: Мәдинаның қаңырап бос қалуы 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинада тұруға шақырған. Егер 
біреу оны жек көріп, одан шығып кетсе, Аллаһ оның орнына одан 
абзал біреуді әкелетінін хабарлаған. Ал Қияметтің белгілерінің 
бірі – жер бетінде тек бұзақы адамдар қалғанда, олардың 
Мәдинаны қаңыратып бос тастап кетуі. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдарға сондай бір заман келеді; онда 
кісі өзінің немере ағайынын немесе туысын «Тыныш жерге 
кеттік, тыныш жерге кеттік» деп шақырады, (бірақ) біле 
білсе олар үшін Мәдина жақсырақ. Жаным қолында болған 
(Аллаһ)пен ант етейін, (Мәдинадан) біреу оны жек көріп 
шығып кетсе, Аллаһ оның орнына одан жақсы біреуді әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет