119
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Бір жағы теңізде, бір жағы құрлықта
болған қала туралы естігенсіңдер ме?» – деген.
Сонда
(сахабалар):
«Иә, уа, Аллаһ елшісі!» – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)):
«Исхақтың ұлдарынан жетпіс мыңы оны (бағындыру үшін)
соғыспайынша, Қиямет келмейді. Олар оның жанына келіп
тоқтайды. Қарумен соғыспайды және садақпен атпайды. «Лә
иләһә иллаллаһ, уаллаһу әкбар!» дегенде, (қаланың)
бір жағы
құлайды. Сосын екінші рет «Лә иләһә иллаллаһ, уаллаһу
әкбар!» дегенде, екінші жағы құлайды. Сосын «Лә иләһә
иллаллаһ, уаллаһу әкбар!» дегенде, оларға жол ашылады.
Сөйтіп, онда кіріп, олжа иемденеді. Олжаны бөлісіп
жатқанда, «Дәжжал шықты!» деген айғай естіледі. Сонда
олар барлық нәрсені тастап, артқа қайтады», – деген
1
.
53-белгі: Қахтан руынан бір адамның шығуы
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Қахтан (руынан)
адамдарды асатаяғымен
Достарыңызбен бөлісу: