135
деді», – дейді. (Тәмим әд-Дари әңгімені жалғастырып)
: «Ол кісіні
атаған кезде біз шайтан болар деп қорықтық. Сосын жылдам
барып, ғибадатханаға кірдік. Қарасақ, онда біз бұрын-соңды
көрмеген бір алып кісі бар екен. Екі қолы мойнымен біріктіріліп,
тізелері мен тобықтарының арасы темірмен құрсалып, мықтап
байланған. Біз: «Сорың құрғыр! Сен кімсің?» – дедік. Ол: «Менің
жайымды ести жатарсыңдар. Әуелі өздерің кімсіңдер, соны
айтыңдар», – деді. «Біз – арабтар арасындағы бір елміз.
Кемемен теңізге шықтық. Бізді теңіз бір ай бойы дауылмен алып
жүрді. Сосын сенің осы аралыңды жағаладық. Қайыққа мініп
аралға кірдік. Түгінің қалыңдығынан алды-арты білінбейтін бір
жүндес жануар кездестірдік. «Сорың құрғыр! Сен несің?» –
дедік. Ол: «Мен – тыңшымын», – деді. «Тыңшы деген не?» –
дедік. Ол: «Ғибадатханадағы мына бір кісіге барыңдар. Ол
сендердің хабарларыңды сағынып отыр», – деді. Сөйтіп, саған
асығып келдік. Шайтан болуынан қорықтық», – деп айттық.
(Әлгі кісі)
: «Маған Баисанның
1
құрмалары жайлы айтып
беріңдер», – деді. «Оның несін сұрайсың?» – дедік. «Оның
құрмалары жайлы сұрап тұрмын, жеміс беріп жатыр ма?» –
деді. «Иә», – дедік. «Дегенмен олар жеміс бермеудің алдында
тұр», – деді. Сосын ол: «Маған Табария көлі жайлы айтыңдар»,
– деді. «Оның несін сұрайсың?» – дедік. «Онда су бар ма?» – деді.
«Суы мол», – дедік. «Оның суы құрудың алдында тұр», – деді.
Сосын: «Зағардың
2
бұлағы жайлы айтыңдар», – деді. «Оның
несін сұрайсың?» – дедік. «Бұлақта су бар ма? Оның суымен
ондағылар егін салып жатыр ма?» – деді. «Иә, оның суы мол,
онымен адамдар егін салып жатыр», – дедік. Сосын ол: «Маған
сауатсыздардың пайғамбары жайлы, оның не істегенін
1
Иорданиядағы қала атауы.
2
Құдыс қаласынан үш күншілік шалғайдағы Сасық көлдің
атырабындағы жер.