Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет118/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
білмейсің бе? Пайғамбар (с.а.с.) маған оның өзін қысқан ашудан 
ісініп шығатынын айтқан», – депті
1

Алайда Ибн Сайядтың өзі «Дәжжал емеспін» дейтін. 
Адамдардың өзі туралы айтқандарына қынжылатын. Сөйтіп, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Дәжжал жайында сипаттағандары 
өзіне сай келмейтінін алға тартатын. 
Әбу Сағид әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Қажылық 
(немесе: умра) ниетімен шыққан едік. Арамызда Ибн Сайяд та 
бар еді. Біз бір орынға түстік те, адамдар тарап кетті. Ибн 
Сайяд екеуіміз ғана қалдық. Ол жайлы айтылатын әңгімелер 
себепті, мен одан қатты тіксіндім. Ол заттарын әкеліп, менің 
заттарымның қасына қойды. Мен: «Күн болса ыстық
заттарыңды анау ағаштың астына қойсаң дұрыс болар еді», – 
дедім. Ол солай істеді... Сосын барып, бір ыдысқа қой сауып 
келіп, маған: «Ей, Әбу Сағид, іш!» – деп ұсынды. Мен: «Күн 
ыстық, сүт те ыстық», – деп ішпедім. Негізінде, оның қолынан 
ішкім келмеген-ді. Ол: «Ей, Әбу Сағид! Адамдардың мен жайлы 
айтқан сөздерінен жіпті талға байлап, асылып қалғым келеді. 
Ей, Әбу Сағид!.. Сен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) хадистері бойынша 
ең білгір адам емессің бе? Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол кәпір», – 
деген жоқ па? Ал мен мұсылманмын. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол 
тұқымсыз, баласы болмайды», – деген жоқ па? Ал мен 
Мәдинада баламды қалдырдым. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мәдина 
мен Меккеге кірмейді», – деген жоқ па? Ал мен Меккеге баруды 
қалап, Мәдинадан келдім ғой», – деді. Мен оған сеніп қалуға сәл 
қалдым. Сосын ол: «Аллаһпен ант етейін! Мен Дәжжалдың кім 
екенін, әке-шешесінің кім екенін және оның қазір қайда екенін де 
білемін», – деді. Мен: «Қалған күндерде қараң батсын», – дедім. 
Одан біреулер: «Саған Дәжжал болған ұнай ма?» – деп 
1
Муслим. 


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет