Ақырет өткелдері


жиналасыңдар, мына жаққа жиналасыңдар, мына жаққа



Pdf көрінісі
бет142/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

жиналасыңдар, мына жаққа жиналасыңдар, мына жаққа 
жиналасыңдар! Көлікті, жаяу, жүздеріңмен (сүйретілген) 
түрде», – деп қолымен Шам жақты нұсқаған
2

1
Ахмад, әт-Тирмизи. 
2
Ахмад. 


161
 
 
V БӨЛІМ 
ҚИЯМЕТ-ҚАЙЫМ 
Бөлімде сүр үрілу, қайта тірілу, махшарда жиналу, Қиямет 
күніндегі қорқыныштар мен жағдайлар, шапағат мәселесі, әділ 
сот алдындағы есеп-қисап, амал дәптерлерінің таратылуы, 
амалдардың таразыға тартылуы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
хауызы және мәңгілік мекенге көшу оқиғаларымен танысасыздар.
Сүр үрілу 
Құдіретті Аллаһ тағала жаратқан, көзімізге көрінетін және 
көрінбейтін мақлұқаттардың барлығы да бір күні өледі. Аллаһ 
тағала: «Бүкіл (жер) жүзіндегілер өткінші (яғни мәңгілік 
емес)»
1

«Оның дидарынан басқа әр нәрсе жоқ болады»
2
, – деген. 
Сол күн келгенде сүр үріліп, барша мақлұқаттың жаны 
алынады. Дүниеде ең ақырғы болатын жағдай – осы сүр үрілуі. 
Бұл істі Аллаһ тағала Исрафил періштеге жүктеген. Әбу Сағид 
әл-Худри (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Қалай 
ләззаттанайын?.. Кернейдің иесі (Исрафил) кернейді аузына 
алып, маңдайын иіп, құлағын тосып үрлеуге бұйрық күтіп 
тұр. (Қашан бұйырылады), үрлейді», – деген. Сонда 
мұсылмандар: «Біз не айтамыз, уа, Аллаһтың елшісі?» – деді. 
Пайғамбар (с.а.с.) оларға: «Аллаһ бізге жеткілікті. Ол – өте 
жақсы Уәкіл. Раббымыз Аллаһқа тәуекел қылдық», – деп 
айтыңдар», – деген
3

Исрафил (аләйһис-сәләм) үш рет сүр үреді. Бірінші үргенде, 
ғаламшардың тәртібі ауытқып, үлкен апат болады. Аллаһ тағала: 
1
«Рахман» сүресі, 26-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 88-аят. 
3
Әт-Тирмизи. 


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет