шығады. Сосын тағы да сүр үріліп, (адамдар) тік тұрып қарап тұрады», – деген
1
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Екі сүр үрленудің арасында қырық бар. Сонан соң көктен жаңбыр жауады, адамдар көкөністер сияқты өніп шығады. Адамның тек бір сүйегінен басқа шірімеген нәрсесі қалмайды. Ол – құйымшағының ең соңғы бөлігі. Қиямет күні адам содан жиналады», – деп айтқан
2
.
Бір риуаятта: «Адамда (яғни адам бойында)жер өзіне ешқашан сіңірмейтін бір сүйек бар. Ол (яғни адам) Қиямет күні содан құралады», – деген. (Сахабалар): «Ол қай сүйек, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп сұрағанда, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)):
«Құйымшақтың соңғы бөлігі», – деп жауап беріпті
3
.
Бұл жайт жұма күні болады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы
болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Күн шыққан күндердің ең жақсысы – жұма күні. Ол (күні) Адам жаратылып, жаннатқа кіргізілген және (сол күні) одан шығарылған, сондай-ақ жұма күні Қиямет болады», – деген
4
.
Жер жарылғанда ең алғашқы болып шығатын адам –
Пайғамбарымыз (с.а.с.).
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.): «Мен – Қиямет күні Адам баласының мырзасымын, қабірі ашылатын алғашқы адаммын, алғаш шапағат етуші және алғаш шапағат ету құқы берілушімін!» – деген
5
.
1
Муслим.
2
Әл-Бұхари, Муслим.
3
Муслим.
4
Муслим.
5
Муслим.