Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет144/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
түйелерінің хауызын сылап жүрген кісі. Ол есінен танып 
жығылып түседі және адамдар да есінен танып құлайды», – 
деген
1

Үшінші сүрді «қайта тірілу үрілуі» (нафхатул-бағс) деп 
атайды. Сол кезде барлық мақлұқат қайта тіріледі. Аллаһ тағала: 
«Сосын тағы да сүр үріледі де, сонда олар тұрған бойда қарап 
қалады»
2
, – деген. 
Әуелгі екі сүрдің үрілуі дүниенің ең соңғы жағдайлары болса, 
үшінші сүрдің үрілуі – Ақыреттің басталуы. Екінші рет сүр 
үріліп, барлық мақлұқаттардың өлуімен дүние бітеді
3
. Сөйтіп, 
дүние мен Ақыреттің арасында қырық санының астындағы бір 
мерзім өтеді. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Екі сүр үрілудің арасында қырық бар», – деп 
айтқан. Сонда (адамдар): «Уа, Әбу Һурайра! Қырық күн бе?» – 
деп сұрайды. Ол: «Білмеймін», – деп жауап береді. (Адамдар): 
«Қырық ай ма?» – деп сұрайды. Ол: «Білмеймін», – дейді. 
(Адамдар): «Қырық жыл ма?» – деп сұрапты. Сонда ол тағы да: 
«Білмеймін», – деген екен
4

Қайта тірілу 
Аллаһ тағала Исрафилді (аләйһис-сәләм) тірілтіп, оған үшінші 
рет сүр үруді бұйырады. Содан кейін жер жарылып, ішінен 
адамдар шығады. 
Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят 
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «...Сонан соң Аллаһ жаңбыр 
1
Муслим. 
2
«Зумәр» сүресі, 68-аят. 
3
Алайда бір топ ғұламалар, «сүр екі рет үріледі» деген. Олар үрей мен 
жығылып өлу үрілуін бір деп есептейді. 
4
Әл-Бұхари, Муслим. 


164
 
 
жаудырады, одан (яғни жерден) адамдардың денелері өніп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет