едік. Рас, өзіміз де азғын едік», – дейді. Ал рас, олар сол күні азапқа ортақ болады. Сөз жоқ! Күнәкарларға осылай істейміз. Расында, олар: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ» деп айтылған кезде тәкаппарланған еді» 1 , – деген.
3. Әлсіздер мен паңсынғандар арасындағы айтыс туралы
Аллаһ тағала: «Барлығы Аллаһтың құзырына шығып, сонда әлсіздері паңсынғандарына: «Біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер бізден Аллаһтың азабынан бір нәрсе кетіре аласыңдар ма?» – дейді. Олар: «Егер Аллаһ бізді оңғарған болса еді, әрине, біз де сендерді оңғарар едік. Енді біз бай-байласақ та, шыдасақ та бәрібір. Құтылар жеріміз жоқ!» – дейді» 2 ;
«Сол уақытта олар тозақта керіседі. Әлсіздері паңсынғандарына: «Расында, біз сендерге ерген едік. Ал енді сендер бізден оттың бір бөлігін кетіре аласыңдар ма?» – дейді. Паңсынғандар: «Расында, бәріміз тозақтамыз. Күдіксіз Аллаһ құлдарының арасына үкім беріп қойған», – дейді» 3 ;
«Ол залымдарды, Раббыларының құзырында тұрғызылып, бір-бірлеріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең: әлсіздер паңсынғандарға: «Сендер болмағанда біз иман келтіретін едік», – дейді. Паңсынғандар әлсіздерге: «Өздеріңе тура жол келгенде, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше, өздерің күнәкар едіңдер», – дейді. Әлсіздер паңсынғандарға: «Күндіз-түні қулықпен Аллаһқа қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер», – деп айтады. Сондай-ақ азапты көрген кезде ішінен өкінеді: қарсы 1
«Саффат» сүресі, 19-35 аяттар.
2
«Ибраһим» сүресі, 21-аят.
3
«Ғафыр» сүресі, 47-48 аяттар.