Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет165/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

дейді. Сонда (пенде) өзінше: «Маған қарсы кім куәлік береді 
екен?», – деп ойлайды. Сонда оның ауызы бекітіліп, оның сан 
жамбасына, етіне, сүйегіне: «Сөйлеңдер!» – делінеді. Сонда 
оның сан жамбасы, ауызы, сүйектері оны өтірікке шығару 
үшін не істегенін айтады. Бұл – мұнафиқ! Міне, осыған Аллаһ 
ашуланады!» – деген
1

1
Муслим. 


184
 
 
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): «Бірде Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) алдында болғанымызда, ол күлді де: «Неге 
күлгенімді білесіңдер ме?» – деп сұрады. «Аллаһ және Оның 
елшісі жақсы біледі!» – дедік. Сонда ол: «Раббысы мен пенденің 
арасында болатын әңгімеге (күлдім. Пенде): «Раббым! Мені 
зұлымдықтан қорғаған жоқсың ба?» – дейді. (Аллаһ): «Иә», – 
дейді. (Пенде): «Сол үшін менен куә болмайынша, жазалануға 
көнбеймін», – дейді. (Аллаһ): «Ардақты жазушылар куәлікте 
жеткілікті болғандай, сенің өзіңде де бүгін куәлар 
жеткілікті», – деп, оның ауызы бекітіліп, дене мүшелеріне: 
«Сөйлеңдер!» – делінеді де, (дене мүшелері) оның амалдары 
жайлы сөйлейді. Сосын оған қайта сөйлеуге мүмкіндік беріледі 
де, ол (пенде дене мүшелеріне): «Құрып кетіңдер! Жоғалыңдар! 
Мен сендер үшін тырысып жатсам!» – деп айтады», – деп 
айтты», – деген
1

6) Дене мен рух арасындағы айтыс туралы Абдуллаһ ибн 
Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Қиямет күні адамдар 
арасында дау-дамай рух пен тәннің дауласуына дейін 
жалғасады. Рух тәнге: «(Жамандықтарды) сен істедің», – дейді. 
Ал тән рухқа: «Маған әмір берген сенсің», – деп айтады. Сонда 
оларға төрелік етуге Аллаһ бір періштені жібереді. (Төрелік 
етуге жіберілген періште ол екеуіне): «Расында, сендердің 
жағдайларың мүгедек пен соқырдың жағдайындай. Ол екеуі бір 
баққа кіреді. Мүгедек (ағаш бұтақтарындағы) жемістерді көріп, 
соқырға: «Мен жемістерді көріп тұрмын, бірақ оған шыға 
алмаймын», – дегенде, соқыр: «Бері кел! Менің үстіме шық!» – 
дейді де, соқыр келіп мүгедекті көтеріп, екеуі жемістерді 
жинайды». Періште (рух пен тәнге осы мысалды айтып): «Енді 
екеуінің қайсысы жазалану керек?» – деп сұрағанда, олар: «Екеуі 
1
Муслим. 


185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет