Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет163/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
келгендердің мойындарына бұғаулар жасадық. Оларға 
істегендерінің ғана жазасы беріледі»
1
, – деген
2

4) Кәпір мен шайтанның арасындағы айтыс-тартыс туралы 
Аллаһ тағала: «Жанындағы (періште): «Міне, мендегі (амал 
дәптері) дайын», – дейді. «Бүкіл қасарысқан кәпірді тозаққа 
салыңдар. Жақсылыққа тыйым салушыны, шектен шығушы 
мен күмәнданушыны. Бұлар сондай Аллаһпен бірге құдай 
жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар!» – (делінеді)
Оның сыбайласы (шайтан): «Раббым! Оны мен азғырмадым. 
Дегенмен өзі де ұзақ адасуда еді», – дейді. (Аллаһ): «Менің 
алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген 
едім. Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ 
құлдарға әділетсіздік істемеймін», – дейді»
3
, – деген. 
5) Кәпір адам мен оның дене мүшелері арасындағы айтыс 
туралы Аллаһ тағала: «Сол күні Аллаһтың дұшпандары 
тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады. 
Ақыры олар Оған барған кезде оларға құлақтары, көздері 
және терілері олардың не істегеніне айғақ болады. Олар 
терілеріне: «Не үшін бізге куә болдыңдар?» – дейді. (Терілері)
«Барлық нәрсені сөйлеткен Аллаһ бізді де сөйлетті. Ол 
сендерді 
алғаш 
рет 
жаратқан 
және 
сол 
жаққа 
қайтарыласыңдар», – деп жауап береді»
4
, – деген. 
Бұл жағдай кәпір өзінің тозаққа түсетініне анық көзі жеткенде 
қарсы шығып, күнәкар болғанын мойындамайтын кезінде 
көрінеді. Кәпір өзіне қарсы періштелер, пайғамбарлар мен ізгі 
адамдар куәлік берсе де, істеген күнәларын мойындамайды. 
1
«Сәбә» сүресі, 31-33 аяттар. 
2
Осы мағынадағы келесі аяттарды да қараңыз: «Сад» сүресі, 55-64 
аяттар, «Анкабут» сүресі, 12-13 аяттар. 
3
«Қаф» сүресі, 23-29 аяттар. 
4
«Фуссиләт» сүресі, 19-21 аяттар. 


183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет