22
11.
Ақыретке деген
сенім адамға қоғам алдында
жауапкершілік жүктейді. Бұл жауапкершілік, әсіресе,
халық
қызметіндегі адамдарға қатысты. Осы сенімді қалтқысыз
ұстанған әділетті әмірші – Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы
болсын):
«Иракта бір қашыр сүрінсе, ол үшін Аллаһтың мені
«Неге жолды тегістеп қоймадың, ей, Омар?» деп сұраққа
аларын ойлаймын», – деген.
12. Ақырет сенімі адамға
өлімді батыл қарсы алуына
көмектеседі. Ал ақыреттік өмірге сенбейтін адамдар өлімнен
өлердей қорқады. Аллаһ тағала бұлар жайында:
«(Мұхаммед!
Яһудилердің
жалпы)
адамдардан
да,
мүшріктерден де өмір сүруге тым құмар екенін көресің.
Олардың әрбіреуі мың жыл өмір сүруді қалайды. Алайда ұзақ
өмір сүруі оны азаптан арашаламайды. Аллаһ – олардың
істегендерін толық Көруші»
1
, – деген.
13. Ақыретке деген сенім бізді
біреуде кеткен есеміздің
қайтатынына үміттендіреді. Ал бұл үміттің ақталуы ақиқат. Оған
күдіктенуге, шүбәлануға болмайды.
Ал Ақырет түгіл, Аллаһтың Өзіне сенбейтін кәпірлер жайлы
Құранда:
«(Олар)
дүние тіршілігімізден басқа (тіршілік)
жоқ
Достарыңызбен бөлісу: