Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет195/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Төртінші: Пенде берген уәделерінен сұралады 
Аллаһ тағала: «Негізінде, олар бұрыннан артқа шегінбеуге 
Аллаһқа уәде берген еді. Аллаһқа берілген уәде болса, (Қиямет 
күні), әлбетте, сұралатын нәрсе»
1

«Уәдені орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады»
2
, – деген. 
Бесінші: Жүрек, құлақ және көздерінен сұралады 
Аллаһ тағала пендесін айтқан сөздерінен, естігенінен және 
ниетінен сұрайды. Сол үшін де бір нәрсені білмей тұрып, ол 
туралы сөйлеуге қатысты қатаң ескерту жасаған. Аллаһ тағала: 
«Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, 
көз және жүрек, олардың барлығы одан сұралады»
3
, – деген. 
Қатада атты ғалым: «Көрмегеніңді көрдім деме, естімегеніңді 
естідім деме, білмегеніңді білем деме. Аллаһ олардың бәрінен 
сені сұраққа алады», – деп айтыпты. 
Пенденің есеп беруіне қатысты мәселелер 
а) Адам баласының ең алдымен есебін беретін амалы 
Пенденің Қиямет күні ең алдымен есепке алынатын амалы – 
намаз.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні адамдардың есепке алынатын 
ең басты амалы – намаз. Ұлы Раббымыз, (Өзі жақсы біліп тұрса 
да), періштелеріне: «Пендемнің намазына қараңдар! Толық па 
екен, кемшін бе екен?» – дейді. Егер толық болса, оған 
«толық» деп жазылады. Ал егер одан бір нәрсе кемшін болса, 
(Аллаһ тағала): «Қараңдар! Пендемнің нәпілдері бар ма екен?» 
– дейді. Егер нәпілдері болса, «Пендемнің парыздарын 
1
«Ахзаб» сүресі, 15-аят. 
2
«Исра» сүресі, 34-аят. 
3
«Исра» сүресі, 36-аят. 


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет