213
нәрсеге жұмсағандығынан және білгеніне қалай амал
қылғанынан», – деген
1
.
Демек, адамның мал-дүниесі көп
болған сайын жауапкершілігі
де арта түседі. Сол сияқты неғұрлым аз болса,
жауабы да
жеңілірек соғып, жаннатқа да тезірек кіреді. Абдуллаһ ибн Амр
(Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)
риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Расында, Қиямет күні (қоныс аударған)
муһажирлердің кедейлері жаннатқа байлардан қырық күз
2
бұрын кіреді», – деген
3
.
Дегенмен де бай-бақуатты, дәулетті кісілер мал-дүниелерін
жақсы
жолға жұмсаса, жаннатқа кедейлерге қарағанда кешірек
кіргенмен, жаннатқа кірген
соң олардың дәрежесі жоғары
болады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір хадисінде:
«Игі мал, игі
кісіге қандай жақсы!»
4
– деп айтылса,
келесі бір хадисте, оның
(с.а.с.):
«Ол (мал-дүние)
Аллаһтың мархабаты, оны
қалағанына береді», – деп айтқаны бар.
Үшінші: Бөленген
нығметтерінен сұралады
Қиямет күні адамдар өздеріне берілген нығметтерден
сұралады. Аллаһ тағала бұл нығметтердің сұрауы туралы:
«Сол
күні әр нығметтен, әлбетте, сұраққа тартыласыңдар»
5
, –
деген.
Аллаһ тағаланың пендесіне берген нығметтерінің есебін ешкім
білмейді. Аллаһ тағала:
«Егер Аллаһтың нығметін санасаңдар,
Достарыңызбен бөлісу: