Аллаһ тағала: «Ол күні: «Сендердің Маған серік деп ұйғарғандарың қайда?» – деп дауыстайды» 1 ;
«Сендердің Аллаһтан өзге табынғандарың, сендерге де жәрдем ете алмайды. Сондай-ақ өздеріне де жәрдем ете алмайды» 2 , – деген.
Және де пайғамбарларды өтірікші санағандары үшін
сұралады. Аллаһ тағала: «Ол күні оларға: «Елшілерімізге не жауап бердіңдер?» – деп дауыстайды» 3 , – деген.
Екінші: Дүниеде істеген амалдарынан сұралады
Қиямет күні кісі дүниеде істеген барша амалдарынан
сұралады. Аллаһ тағала: «(Мұхаммед!) Раббыңа серт, әлбетте, оларды түгел сұраққа тартамыз. Олардың (дүниедегі) істегендері жайлы (сұраймыз)» 4 , – деген.
Әбу Барза әл-Аслами (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні пенде төрт нәрседен сұралмайынша, екі аяғы (бір
орыннан) тапжылмайды: өмірінен, оны неде өткізгендігінен, білімінен, оны не нәрсеге іске асырғандығынан, мал-дүниесінен, оны қайдан тауып, неге жұмсағандығынан және тәнінен, оны не нәрсеге қолданғандығынан», – деген
5
.
Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні Раббысы алдында бес нәрседен сұралмайынша, Адам баласының екі аяғы (бір орыннан) тапжылмайды: өмірінен, оны неде өткізгендігінен және жастық шағынан, оны неге