(яғни қари), Аллаһ жолында өлген адам және мал-дүниесі көп адам. Аллаһ қариға: «Елшіме түсіргенімді саған үйретпедім бе?» – дейді. (Қари): «Иә, уа, Раббым!» – дейді. (Аллаһ): «Үйреткен нәрсеме қандай амал қылдың?» – дейді. (Қари): «Күні-түні оны (Сен үшін) оқитын едім», – дейді. Аллаһ оған: «Өтірік айтасың!» – дейді. Періштелер де оған: «Өтірік айтасың!» – дейді. Аллаһ оған: «Бәлкім, «пәленше қари!» деп айтылуын қаладың! Солай айтылды!» – дейді. Сосын мал-дүние иесін әкеледі. Аллаһ оған: «Біреудің қолына қарамайтындай етіп, саған кеңшілік жасамадым ба?» – дейді. «Иә, уа, Раббым!» – дейді. (Аллаһ): «Саған бергендерім бойынша қандай амал қылдың?» – дейді. «Туыстарыммен қарым-қатынас жасадым, садақа бердім!» – дейді. Аллаһ оған: «Өтірік айтасың!» – дейді. Періштелер де оған: «Өтірік айтасың!» – дейді. Аллаһ оған: «Бәлкім, «пәленше жомарт!» деп айтылуын қаладың! Солай айтылды!» – дейді. Сосын Аллаһ жолында өлгенді әкеледі. Аллаһ оған: «Не үшін өлдің?» – дейді. Ол: «Сенің жолыңда соғысуға бұйырылдым да, соғысып өлдім», – дейді. Аллаһ оған: «Өтірік айтасың!» – дейді. Періштелер де оған: «Өтірік айтасың!» – дейді. Аллаһ оған: «Бәлкім, «пәленше батыр!» – деп айтылуын қаладың! Солай айтылды!» – дейді», – деген.
Сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) сөзін жалғастырып Әбу Һурайраға:
«Ей, Әбу Һурайра! Осы үшеуі Қиямет күні тозаққа ең алдымен отын болатындар!» – депті
1
.
Осы хадисті естігенде Муғауия (Аллаһ оған разы болсын):