252
VII БӨЛІМ
ЖАННАТ
Кітаптың бұл бөлімі сіздерді барлық мүміндердің
арманы
болып саналатын жаннатпен,
оның сипаты және дәрежелерімен,
ондағы көз көріп, құлақ естімеген
мәңгілік игіліктермен, оған
лайықты адамдар сапымен және олардың ондағы бақытты
өмірімен
кеңінен таныстырып, оған деген ынтық сезімдеріңізді
арттыра түседі. Сонымен қатар
жаннатқа жетудің жолдарын
көрсетеді.
Аллаһ тағаланың толық мейірімін жаннаттықтар көреді
Пайғамбар (с.а.с.):
«Аллаһ көктер мен жерді жаратқан күні
жүз рақымшылықты қоса жаратты. Әрбір рақымшылықтың
көктер мен жердің арасындай қабаттары бар. Ал жер бетіне
бір ғана рақымшылық жасады. Оның ішінде ананың баласына
деген
жанашырлығы,
аң-құстардың
бір-біріне
деген
аяушылығы (бар)
. Қиямет күні болғанда оны қалған тоқсан
тоғыз рақымшылықпен толтырады», – деген
1
.
Аллаһ тағаланың мейірімі өте мол және ол мейірімі, әлбетте,
игілік істеушілерге бек жақын. Ол
осы мол мейірімін жаннатқа
төккен. Демек, Оның мейіріміне жаннаттықтар бөленеді.
Достарыңызбен бөлісу: